» » Бай-қуатты кәсіпкер әйел өзінен 18 жас кіші "альфонс" жігітке алданып қалды

Бай-қуатты кәсіпкер әйел өзінен 18 жас кіші "альфонс" жігітке алданып қалды

   Бірнеше кәсіпті айналдырған бай-қуатты келіншек өзінен 18 жас кіші "альфонс" жігітке алданып қалды. Алғашында махаббат айдынында шомылдырған азамат бір жылдан соң телефонын сөндіріп, жоғалып кеткен деп жазады "Замана"басылымы.
30 жасқа жетер-жетпес шағында күйеуінен айырылған Жаңыл үш ұлын асырау үшін жиырма жыл бойы аянбай еңбек еткен. Жұбайы көз жұмған соң тек жұмыстың жетегінде жүрген ол өз-өзіне күтім жасаудан да қалған екен.
Күндердің күнінде өмірден түңілген келіншекке құрбысының күйеуі кеңес береді. Ол Жаңылға өзі үшін өмір сүру қажеттігін, сұлулық салондарға бару керектігін айтады.
Осылайша, 50 жасқа таяғанда ғана өзіне көңіл бөлген келіншек құлпырып, жайнай түседі.
Бақытқа толы күндердің бірінде Жаңыл өзінен 18 жас кіші азаматпен танысады. Күндер өте екі "жас" тіл табысып, кездесе бастайды.
Жұбайы қайтыс болған соң махаббатқа әбден шөлдеген әйел қуанғаны соншалық, сүйіктісіне көлік сыйлап, заңгерлік кеңсе ашып берген. Бұл күндері келіншекті өз шығыны көбейіп, табысының азайғаны, туған-туысы мен балаларының алыстап кеткені де қызықтырмаған де екен.
Арада біраз уақыт өткен соң Жаңылдың 32 жастағы сүйіктісі қылықтарын өзгерте бастаған. Ол үйге кеш келіп, сүйіктісіне көңіл бөлуден қалыпты. 50 жастағы келіншек, тіпті, кей күндері ғашығының үстінен басқа қыздардың иісін де сезген екен.
Мұндай азапқа шыдамай, төзімі таусылған келіншек бір күні айғай-шу шығарған. ОСы уақытта "альфонс" жігіті де керегіне кезіккендей киімдерін жинап, үйден кетіп қалыпты.
Содан бері телефонын сөндіріп тастаған ол Жаңыцлға басқа нөмрімен өзін іздемеуін айтқан екен. Осылайша, жүздің жартысына келген азаматша қалайша жас жігіттің құрсауында кеткенін түсіне алмай қалған көрінеді.
16 наурыз 2019 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930