» » 100 МЫҢ ТЕҢГЕМЕН БАСТАЛҒАН КӘСІП

100 МЫҢ ТЕҢГЕМЕН БАСТАЛҒАН КӘСІП

   Айзада Асқарбекпен осыдан 4-5 жыл бұрын таныстық. Мінезі салмақты, сөйлеген сөзі байыпты. Бір көргеннен адаммен тез тіл табысып кетеді екен. Екеуміз емен-жарқын тілдестік. Көрген кезде сәлеміміз түзу болды. Уақыт өте келе Айзаданың сұлулық салонын ашқанын естідім. Сөйтіп жағымды жаңалыққа бір марқайып қалдым.
   Қазіргі таңда "өзімнің жеке кәсібім болса" деп армандайтындар жетерлік. Айзада осы арман жетегімен кәсіпкерлікке келген. Құрылыс мамандығында білім алған кейіпкеріміз газ саласында біршама жыл еңбек етеді. Дизайнерлікке деген қызығушылығы, бала күнгі арманы сұлулық салонын ашуға жетелейді.
– Іс басқармасында жұмыс істеп жүрген кезімде апам «Айзада, сенің қолыңнан сурет салу келеді. Ендеше сенен жақсы бет-әрлеуші маман шығады. Екеуміз бірлесе кәсіп бастасақ қалай болады?», - деген ұсыныс тастады. Ол кісі шаштараз маманы. Бұл салада 5-6 жылдан астам тәжірибесі бар. Менің де бала күнгі арманым болатын. Бағымды сынамақ болып Алматыдағы Санди Бексырғаның мектебінен біліктілігімді жетілдірдім. Салонды алғаш ашқанымызда қолымызда екі айна мен екі орындық қана болды. Тәтем екеуміз ғана жұмыс істедік. Жұмыс алға баса келе көрсететін қызмет түрлеріміз де көбейді. Бүгінде 8 адамды жұмыспен қамтыдық, – дейді кәсіпкер Айзада Асқарбек.
Біреу кәсіп бастау үшін қыруар қаржы салады. Бірден қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді. Ал біздің кейіпкер бар-жоғы 100 мың теңгемен жұмысын бастады. "Иә көпшілігі күмәнданады. Біз шынымен де кәсібімізді 100 мың теңгемен бастадық. Ешкімнен қарыз алғанымыз жоқ. Тек өзімізге ғана сендік", - дейді ол әңгіме барысында.
Өздеріңізге белгілі, сұлулық салонына барушылар қатары көбейді. Бойжеткендер тойға барса да, отырысқа барса да алдымен сұлулық салонының есігін қағады. Бетін әрлейді, кірпік жабыстырады. Тізбектеудің қажеті жоқ шығар, бірақ сізге керектінің бәрін жасап береді. Бұл істі жетік меңгерген Айзада сұлулық салонын үлкейтуді, тұтынушыға ыңғайлы жағдай жасауды ойластыруда. Яғни заман талабына сай салон ашуды көздейді де, кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінеді.
 – Жақында таныстарымнан Кәсіпкерлер палатасының «Аtameken Services» порталының мүмкіндіктері туралы естіп қуанып кеттім. Маған ерекше ұнағаны – «Несие агрегаторы» бөлімі. Салонды кеңейту үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, ғимарат алғым келген. Бірақ банктердің талабы, артықшылығы, жеңілдіктері туралы қолымда ақпарат болған жоқ. Тіпті банк жағалайтын уақытым да жоқ. Бірнеше күн бұрын «Аtameken Services» порталы арқылы өтінім бердім. Өтінішімді бір емес бірнеше банк қатар қарайды екен және қарау мерзімі де ұзақ емес. Жақын күндері оң қорытынды алып, көздеген мақсатыма жетемін деген үміттемін. Банк аралап шаршамай, бума-бума қағаз алып жүрмей, мәселемнің осылайша оңай шешіліп жатқаны қуантады», – дейді жас кәсіпкер.
    
Айта кету керек, «Atameken Services» - бұл бизнеске арналған пайдалы әрі тегін қызметтер ұсынатын платформа. «Несие агрегаторы» – кеңседен шықпай-ақ онлайн-түрінде жеңілдікпен несие алуға бір өтінім толтырып, еліміздің барлық қаржы институттарымен банктеріне тапсырыс беру мүмкіндігі туындайды. Ал «Atameken. Academy» – «Бастау» мен «Бизнес-мектеп» оқу жобалары бойынша ақпарат аласыз. Сонымен қатар бизнес-жоспар құру, салықтық есептеу, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу – барлығы 60-тан астам сервистік қызмет түрі негізгі төрт бағыт бойынша тегін көрсетіледі.
Мөлдір САБЫРЖАН
29 наурыз 2019 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930