» » Сіз қалай алдандыңыз?

Сіз қалай алдандыңыз?

  Сіз тез алданып қаласыз ба немесе 1 сәуірде ерекше есте қалатын сәт болды ма? Осы сұрақ төңірегінде пікірлерді топтастырып көрдік.

Махаббат САБЫРҚЫЗЫ,
қала тұрғыны:
– Ұмытпасам, 8 сыныпта оқимын. Әкемнің достары үйге көп келеді. Бәрімен етеңе араласып алғанбыз. Әжем марқұмды барлығы «апа» деуші еді. Сөйтіп бір күні әкемнің Марат деген досы үйге келді. Бізге суық хабарды жеткізді. Айтуынша, Марлен есімді досы қайтыс болыпты. Әжеме естіртіп, «апа енді қайттім» деп жылап тұр. Бәріміз аң-таң түсінбей жүрміз. Әжем матасын орап, пакетке салып жатыр. Орамалына түйілген ақшасын да алып алды. Барамын деп дайындалып жүргенде есіктен «Марлен» кіріп келмесі бар-ма... Елеспен бетпе-бет келгендей әсерде болдық. Әжем «балам, жарығым-ау...» деп тұтығып бір нәрселерді айтып жатыр. Бетінен шөлпілтетіп сүйіп жүр. Анам болса «бұл қалай» деп тұр. Сөйтсек «апау бүгін 1 сәуір ғой» деп күліп тұр. Осылайша әулетімізбен алданған едік.
Аида ТАЖЫМАНАЙҚЫЗЫ,
қала тұрғыны:
– Құрбымның туған күні болатын. Бәріміз келісіп туған күнді Шымкентте атап өтетін болдық. Тіпті жоспарды да құрып қойдық. Есте қалатындай туған күн болғалы тұр деп топшыладық. Содан не керек, кешкі поездға міндім. Қасымда ешкім жоқ. Құрбыларыма қоңырау шалдым. Келесі вагонда екенін айтты. Жайғасып, вагондарына бардым. Бөтен адамдар. «Қызым бұл біздің орын» дейді. Хабарлассам телефондары өшірулі. Не керек, таң атты. Қызылордадан Шымқалаға бір-ақ шықтым. Күте-күте шаршадым. Вокзалда анық үш сағат отырған шығармын. Бірде телефоныма хабарлама келді. Туған күн «Астана» мейрамханасында өтетінін жазыпты. Апыл-ғұпыл поездға қайтара отырдым. Үлгеріппін, келсем «сен алдандың» дейді. Қалай ашуланғанымды білсеңіз ғой.
Мирас ЕРМЕК,
фейсбук белсендісі:
– Өтірік айтып, алдау, қарқылдап күлу – нәпсіге ұнайтын қылықтардың бірі ғой. Бұл дәстүр тек 1 сәуір күнімен ғана шектелсе жақсы. Бүкіл адамдардың өміріне сіңісіп кеткен. Баяғыда бүкіл күнәні жасаған адам тура жолға түспек болып, бір ақылманнан ақыл сұраған екен «қай күнәмнан бірінші тыйылайын» деп. "Өтірік айтудан" - депті ақылман. «Ой, сол-ақ па!» деп жөніне кетеді. Бір күні ұрлыққа шықпақшы болып, келе жатса, алдынан танысы шыға келіп, қайда бара жатқанын сұрапты. Ұрлыққа бара жатырмын деп шынын айта алмай, басқа өтірік те айта алмай, ақыры бүкіл күнәсінен айығыпты.
Айжан ҚАСЫМОВА,
әлеуметтік желі қолданушы:
– Иә, баяғыда 1 сәуір күні тұз бен шекердің орнын ауыстырғанға мәз болушы едік, қазір оған да уақыт болмай кетті. Өстіп жүріп күлуді де ұмытпасақ болғаны.  Күлген жақсы ғой, күлмесең несі жақсы? Күліп жүрейік, достар. Басқа не деуге болады мұндай мерекеде...
  Мәншүк АХМЕТОВА,
блогер:
– Мен 1 сәуірде емес, жай күндері алданғам. Әсілі, студент кездегі қызықты оқиғалар жатақханада болады. Сол аңғал балмұздақ болып жүрген кезімізде. Бір күні өзіміздің басқа бөлмеде тұратын курстас Мәдина мен Кәусар бөлмеге келіп, көршім Даянаны сұрап келді. Есікті ашып қалғанымда, жылап тұр, байқағаным, үстерінен пияздың иісі мүңкіп тұр. Аса мән бермедім. Сол кезде емтиханның уақыты болатын. Бір кезде маған екеуі келіп: «Бөлмеде Мөлдір сабаққа дайындалып отырған. Біз далаға шығып кеткенде, дәріні көп ішіп қойыпты. Келсек талып қалыпты» - деп тұр. Сосын мен: «Жедел-жәрдем шақырдыңдар ма?» - деп бөлмелеріне жетіп бардым. Барсам, шынымен, аузына көп дәріні салғаны көрініп тұр. Талып қалған күйде, дәрілері жанында шашылып жатыр. Мен оның пульсын тексеріп әлекпін. Былай қарасам, жүрегі жап-жақсы соғып тұр. Арасында жедел-жәрдем қашан келеді екен деп қоям. Бір кезде бөлмеме барсам, Мадина әлгіндегі көршім Даянамен сөйлесіп отыр. Мен оны көріп, мына жақта мен шыр пыр болып жүрсем, қалай қамсыз мына жақта отыр деп бір ойлаймын. Қайтадан қыздарға барамын. Мөлдір жатыр. Сөйтсем мені алдаған екен. Оның алдында көршім Даянаны, тағы басқа қыздарды алдапты. Кейбіреулері сол жерде енді өледі деп өкіріп жылаған. Сол кезде қыздардың актерлік шеберліктеріне таң қалғам. Біреу жаныңда жылап отырғанда, тырп етпей, күлмей қалай жатты екен деп. Мен осылай алданғам.
Бибарыс ҒАЛЫМҰЛЫ
31 наурыз 2019 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031