» » Тікұшақ апатынан қаза тапқан сарбаздардың денесі туған жерлеріне жіберілді

Тікұшақ апатынан қаза тапқан сарбаздардың денесі туған жерлеріне жіберілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда әуежайында тікұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың мүрдесін өз туған жерлеріне жөнелту шарасы өтті.
Қаралы митингке арнайы келген Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев орны толмас қайғы екендігін айтып, тек ондаған отбасының емес бүтіндей қазақ армиясының қасіреті екендігін жеткізді.
"Әскери қызмет қашанда белгілі бір қауіп қатермен байланысты болады. Біздің Қарулы Күштер қандай да болмасын қауіп-қатерде, қиындық жағдайда отанды қорғау үшін өздерін құрбан ететін жандар болады. Алайда осындай бейбіт уақытта азаматтарымыздың қаза табуы жанымызға қатты батты. ҚР заңдарына сәйкес қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасына, бала-шағасына заң бойынша тиесілі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етіп, жан-жақты көмек көрсететін болады. Бұл көмек біржолғы көмек болмауы керек. Біз әскерилеріміздің туған жерлеріндегі әскери гарнизон басышларына олардың отбасын қамқорлыққа алып, балаларының өсуіне, тәрбиеленуіне белсенді атсалысуды тапсырамын." - деді Нұрлан Байұзақұлы. 
Сондай-ақ Нұрлан Ермекбаев отан алдындағы борышын өтеп жүріп қаза болған әскерилерді мәңгі есте сақтау үшін мемориал тұрғызылатындығын жеткізді. Ол ескерткіштің орантылатын жерін әскерилердің отбасыларымен ақылдасып келісілетін болады.


































































02 сәуір 2019 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31