» » Қосшыңыраудан қалаға қатынаудың қиыны-ай

Қосшыңыраудан қалаға қатынаудың қиыны-ай

  "Айта айта алтайды, Жамал апам қартайды" деген сөз бар. Міне, бүгінде Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындары айта-айта қартайған түрі бар.
  Аталмыш ауыл тым үлкен емес. Десе де кіші де емес. Тұрғындары әжептәуір. Мәселесі де жетерлік. Қайсы бірін айтасыз... Басты мәселе қалаға қарасты ауылға үлкен сыйымдылықта қоғамдық көлік керек. Тұрғындар тарапынан  қалалық әкімшілік қолдау білдіріп, шешімін тапса деген өтініш бар. Жыл басында ауыл әкімі Дулат Таубай шахар әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына есеп берер сәтте рейд ұйымдастырған болатын. Рейд барысында қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруге уәде еткен. Артынша Досан ауылына кішігірім сыйымдылықта газель берілген. Десе де ол газельге тұрғындар сыймай қалып, Қосшыңыраудың көлігіне мінуге мәжбүр. Көлікке ауыл тұрғындары өздері сыймай жатқанда бұл бір қисынсыздау іс болып тұр.
Бүгін әдеттегідей қоғамдық көлікке ауыл адамдары сыймай қалды. Автобус ішінен бір аяқпен тұрғандарды да байқауға болады. Тығылысып міндік. Жұмысқа бару керек, сабақтан да кешігуге болмайды. Амал жоқ, тығылысуға тура келді. Бүгін деймін-ау бұл күнде кездесетін жағдай ғой. Бір танысымның "мәселе бар, көзбен көріп тұрсың. Қолғабыс етсеңші" деген сөзі жазуыма ықпал етті. Автобуста бір-бірімен ұрысқан апаларды, әрі тұр, бері тұр деген жастарды көп кездестіресіз. Одан қалды, Досан ауылының тұрғындары да көлікті тоқтатып әлек. Содан "өз автобустарыңыз қайда" деген сынды әңгіме өрбиді. Әр аялдамадан тоқтап, адам алып, мінгізу үшін оларды итеру... Осылайша бірі жұмысынан, ендігісі сабақтан кешігуге мәжбүр. Телефон арқылы мұғалімге кешігіп келетінін жеткізгендері де бар.  
Айта кетейін, автобус ауылға сағат сайын қатынайды. Соның ішінде таңғы сағат жеті мен сегіз аралығында автобуста адам көп болады. Қалған уақытта еркін баруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ кешкі 18:00-19:00-20:00 аралығында сыймай қалып жатады. Енді тым болмағанда осы уақыт аралығында  үлкен сыйымдылықта көлік берілсе құба-құп болар еді.
Дәулет САҒИТБЕК, студент:
– Қоғамдық көлікке күнде мінеміз. Ауыл қалаға жақын болған соң барлығы ауылдан қатынайды. Жұмыс істейтіндері болсын, студенттер болсын, азанда сыймай қаламыз. Тығылысып мініп алуға тура келеді. Мақсат – діттеген жерге уақытында жету. Бірақ кейде кешігетін кезіміз де болады. "Жылжыңдар, бір адам сыйсын" деген кондуктор аялдама сайын естисіз. Шешімін тапса игі деген іс жетерлік. Соның бірі көлік мәселесі. Сосын – газ бен жолдың жөнделуі.
P.S. Қоғамдық көлік мәселесі жиі қозғалатын тақырып. Бірі кондукторға көңілі толмаса, енді бірі жүргізушісін кінәлап әлек. Біздің біреуге кінә артатын немесе айыптайтын ойымыз жоқ. Бір ғана қалауымыз шахар әкімі осы іске мұрындық болса...
Мөлдір САБЫРЖАН
06 сәуір 2019 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930