» » АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АЙЗАТ

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АЙЗАТ

  Қазір екінің бірі кәсіп ашуды қалайды. Әйткенмен бірі жұмысын жандандырып кетсе, енді бірі шығынға ұшырап жатады. Шығынға ұшырамау үшін не істемек керек? Әрине ең алдымен кәсіпкерлер палатасының кеңесіне жүгіну шарт. Бүгінде кәсіптің қыр-сырына қанық мамандар пікіріне құлақ асып, ісін кеңейткендер жетерлік. "Өзім бастадым, өзім жүргіземін" деп әуре-сарсаңға түскенше, ақпаратқа қанық болған тиімдірек. Тиімді дейміз-ау, қазіргі уақытта түсініксіз дүниеге алаңдап, уақыт құртпаған абзал. Бүгінгі кейіпкеріміз Жалағаш ауданының тумасы  Айзат Момынтаева да бизнесін осылай бастапты.
Ол теміржол саласы бойынша білім алып, бірнеше жыл түрлі салада өз бағын сынап көрген. Айзат аудандағы кәсіпкерлік бөлімінде жұмыс істеп жүргенде іскер азаматтармен жиі кездесіп, жетістіктеріне қызыға қарайды. Сөйтіп жеке іс ашуға бел буып, өзін басқа қырынан танытуға тырысады. Ойы да жүзеге асады, жұмысы да алға басады.
Журналдардағы ас мәзіріне қызықпайтын қыз жоқ. Оның үстіне ғаламтордың дамыған сәтінде "қандай тағам жасаймын, дастарқанды қалай безендіремін" деп ойланбайсыз. Бәрін ғаламтор көрсетіп-ақ береді. Сіз де ас пісіруге деген қызығушылық болса болғаны. Кондитерлік өнімдерді пісіре алатын Айзат осыдан үш жыл бұрын несиесіз өз ісін бастайды. Күнделікті пісірген өнімдерінен түскен қаржыны айналымға салып, кәсібін дамыта түседі. Көп ұзамай кондитерлік дүкенін кеңейтуді көздейді. Осы мақсатта Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып,  «Бастау» жобасына қатысады, ісін кәсіби түрде жүргізуге, тіпті қаржы ұйымдарынан қажетті қаржыға қол жеткізуге болатынын естіп, оқуға ниет білдіреді. Оқу барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында шағын несиелеу шарттары жайында ақпарат алдым. Бизнес-тренерім маған сауатты бизнес-жоспар құруға көмектесті. Әр күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, бизнестегі әр қадамымды ойластыра бастадым «Бастау» жобасына қатысу арқылы кәсіпкерліктің әліппесін үйрендім. Қаржыны сауатты басқару, тұтынушымен дұрыс байланыс орнату, оларды табу, кризис кезеңінен ұтымды шығу жолдары – оқу курсында көтерілген бұл мәселелердің барлығын бүгінде тәжірибеде қолданып келемін, – дейді кәсіпкер Айзат Момынтаева.
Жас кәсіпкер «Бастауда» жобасын сәтті қорғап, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алған 3 млн.теңгеге шағын цех ашып, қажетті құрал-жабдықтар алады. Қазіргі таңда NEET санатындағы екі адамды   жұмыспен қамтып отыр. «Өнімдеріміз ауданда жоғары сұранысқа ие. Торт пен печеньелердің түр-түрін пісіреміз. Мұнан өзге тоқаш, бәліш, тәтті нан мен кондитерлік өнімнің өзге де түрлерін күнделікті тұтынушыларға ұсынып келеміз. Бұрын бизнес ашу арман еді, енді ол орындалды. Болашақта өндірісті кеңейтіп, тағы бірнеше жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Ары қарай елімізде тамақ өнеркәсібін дамытуға күш салмақпын. «Атамекен» ұжымына, бизнес-тренеріме алғысым шексіз. «Бастау» жобасы – армандарды орындайтын мүмкіндік. Кәсіп ашқысы келетін жандарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларына назар аудару керек деген кеңес беремін», – дейді.
Мөлдір САБЫРЖАН
07 сәуір 2019 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Спорт

ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
22 маусым 2019 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930