» » Үкімет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министріне Жолдаудың медиа-жоспарын жасауды тапсырды

Үкімет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министріне Жолдаудың медиа-жоспарын жасауды тапсырды


Бүгін Үкіметтің осы жылдағы алғашқы отырысында Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру үшін медиа-жоспар жасауға тапсырма берді.
Жиында Бақытжан Сағынтаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар міндетті жүктеді.
«Дәурен Абаев (Ақпарат және коммуникациялар министрі – автор) Елбасының Жолдауын БАҚ-та түсіндіру үшін медиа-жоспар жасау керек. Мемлекеттік органдардың басшылары 11 қаңтар сағат 18:00-ге, яғни осы күннің аяқталуына дейін Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекет басшысының Жолдауын орындау үшін тиісті ұсыныстарды ұсынуы қажет. Ұлттық экономика министрлігі 13 қаңтар күні сағат 12-ге дейін Елбасының жолдауын орындау туралы Үкіметпен келісілген жалпыұлттық жоба жоспарын көрсетуі қажет. Ал Канцелярия аталған жобасын 16 қаңтар күні Үкімет отырысының талқысына шығаруы керек», - деді премьер-министр.
Сондай-ақ, отырыс барысында Үкімет басшысы биылғы Жолдауда көрсетілген әрбір он міндет бойынша министрлерге жеке-жеке тапсырма берді. Оларды жедел орындау қажеттігін атап өтті.
«Құрметті әріптестер, бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, аталған жұмыстарды орындау барысында барынша оперативті болуларыңыз қажет. Біздің тәжірибеміз жеткілікті. Сондықтан сіздер аталған міндеттерді сәтті орындап шығады деген үміттемін. Елбасының Жолдауы бойынша атқарылған жұмыстарды Үкіметте тұрақтарды түрде тыңдап тұрамыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
11 қаңтар 2018 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930