» » БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ!

БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ!

   Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады. Үндеуде ҚР Конституциясына сәйкес биылғы жылдың 9 маусымында ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде шешімін айтты. Президент бұл шешімнің Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен ақылдаса отырып, Конституциялық кеңестің келісімімен жариялағанын да атап өтті.
 Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу қазіргі уақытта өте маңызды әрі қажетті қадам деп есептеймін. Бүгінде біз маңызды тарихи сәтті өткерудеміз. Қазақстан тәуелсіздік жылдардан бері Елбасымыздың еңбегімен қуатты мемлекетке айналды. Алдағы уақытта елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне әлемдік геосаяси ахуалдың тұрақты болмауы еліміздің қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Сондықтан ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық, тұрақтылықты сақтай отырып Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды табысты іске асыруымыз қажеттігі белгілі. Айта кету керек, кезектен тыс сайлау өткізу туралы Президент шешімін қолдаймын және алдағы сайлауға баршаңызды жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Талғат ТІЛЕС,
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы.
09 сәуір 2019 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930