» » Айбектің әлеуметтік шеберханасы

Айбектің әлеуметтік шеберханасы

  Міне, сондай қамқорлыққа ие болғандардың бірі – Ақай ауылының  тұрғыны Айбек Байқазақов өткен жылы елімізде 14-29 жас аралығындағы жастарды шағын және орта кәсіпкерлікке баулу мақсатында құрылған «Zhas Project» жобасына қатысқан болатын. Бағдарлама бойынша жобасын қорғап, несиеге ие болған жас кәсіпкер әлеуметтік аяқ киім жөндейтін шеберхана ашып, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.
«Мақсат игі істерге жетелейді. Еңбек етем деген адамға жұмыс қашанда табылады. Тек ерінбей алдыңды ораған  қиындықтарды жеңе білуің керек. Мемлекет әрбір адамның, оның ішінде жастардың еңбек етіп, заман талабына сай өмір сүріне, білім алуына қолдау көрсетуде. Тіпті жастар саясатын қолдауға байланысты түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, оның жүзеге асуына, сол бағдарламалардан өз несібесін алуға жұмыс жасауда. Мен осындай қолдау бойынша өткен жылы «Zhas Project» жобасына қатысып, жеңімпаз атандым. Бүгінде сол жобам бойынша сатып алған  құрал-жабдықтармен әлеуметтік аяқ киім жөндеу шеберханасын ашып, ауылдастарыма қызмет көрсетудемін. Мен бұдан тоқтап қалмаймын. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтсем деген ниетім бар. Мемлекет тарапынан біздей жастарға қолдау жалғасып жатса, әрине басқа да сала бойынша кәсіпті меңгергім келеді. Атап айтар болсақ, ата-бабалар дәстүрімен мал шаруашылығын өркендетуді армандаймын, – дейді Айбек.
«Zhas Project» – жұмыссыз жастарға арналған таптырмас мүмкіндік. Ақайлық  Айбек  сынды  жалынды, іскер, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашуға ниетті жастар саны артып келеді. Бастапқы кезде мұндай мүмкіндікке сын көзбен қараған ауыл жастары Айбектің ісіне сенімсіздікпен қараған болатын. Алайда білікті де қайсар жастың ерінбей еткен еңбегінің арқасында жүзеге асқан жобаның нәтижесіне қанығып, оң көзбен қарай бастаған жастар саны күннен-күнге артуда, – дейді Ақай ауылдық округі әкімдігінің жастар саясаты және кәсіпкерлік салсының жауапты маманы Айдана Маханова.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы
11 сәуір 2019 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031