» » Қыр баласына арналды

Қыр баласына арналды

  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультеті, «Екі шет тілі» мамандығының I курс студенттері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Фатима Ақынбайқызының ғылыми жетекшілігімен Елбасының "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының аясында "Қыр баласы" атты ғылыми конференция өткізді.
Конференцияға дайындық барысында біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, студенттер Алаш зерттеушілері М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков сынды тұлғалармен сұxбаттасты. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі  және Семей қаласындағы Ә.Бөкейxановтың асыл мұрасымен танысып, Алматы қалалық мұрағатындағы жеке құжаттарын көзбен көрді. Алматы қалалық музейіндегі, кітапxанасындағы барлық оқулықтарды парақтады. Бұл деректер Қыр баласының тек Алаш зиялысы ғана емес екенін дәлелдейді. Жалпы іс-шара барысында Алаш қозғалысына қатысқан зиялы қауым өкілдерінің өміріне шолу жасалып, сол тұстағы ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлты үшін атқарған жұмыстары талданды. Студенттер ұлт зиялысына арнаған өлеңдерін оқып, қайраткер өмірінен көрініс қойды. Ел қамын, халқының болашағын ойлайтын азаматтар өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге болары анық.
Айта кетейік, биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрылғанына 85 жыл толады. Еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымның, экономиканың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыруда университеттің алар орны айрықша.

Фатима ҚОЗЫБАҚОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты
Гүлсезім ЖАНТӨРЕ,
ҚазҰУ-дың І курс студенті
13 сәуір 2019 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

52-329

28 желтоқсан 2019 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031