» » Бұқар мен бұқара

Бұқар мен бұқара

  Соңғы уақытта ұлттық құндылықтарға жіті мән берілуде және оның бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. Әсіресе жыраулар поэзиясын оқушыларға кеңінен түсіндіру рухани жаңғыруға бағытталған нақты қадам деп айтуға болады.
Жыраулар поэзиясы – әдебиет тарихында көркемдік негізі, әлеуметтік тарихи мәні жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері. Кешегі Бұқар, Доспамбет, Қазтуған жыраулар қазақтың қалыптасуына ғана емес, әдеби өнеріне де өлшеусіз үлес қосты. Мәселен, Абылайдың кеңесшісі әрі жақын серігі болған Бұқар жырау ханның жастайынан тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен. Жыраулар ел алдында өте беделді болғандықтан, олардың әрбір сөзі барша бұқараны қайран қалдыратын. Елдің шетіне жау тисе міндетті түрде жыраулармен кеңесетін. Жыраудың өзі билік пен бұқара арасында дәнекер тұлға іспеттес, сондықтан оны сол заманның бас идеологы деп айтуға болады.
Бұқар жырау шығармаларында өз заманының маңызды оқиғаларын көрсетеді. Ол қазақ халқының жоңғарға қарсы күресін жырлады, осы күрестің басты тұлғалары Бөгенбай, Қабанбай, Жəнібекті мадақтады, халықты бірлікке шақырды, ру арасындағы алауыздықты, бір-біріне жала жабуды, бітімсіздікті сынады. Халық пен хан арасында дəнекер болған Бұқар жырау ханды ел тұтқасы деп, «басшысыз халық азады, халықсыз хан тозады» деген насихатты ұрпғына өсиет еткен. 1745 жылы қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін елінің бірлігі болмағандықтан, азып-тозып, жер бетінен жойылып кеткенін көрген қарт жырау өз халқын осыдан ғибрат алуға шақырды. Сарқылмас қуатының арқасында қазақтың бақандай тоғыз ханының кеңесшісі қызметін атқарған. М.Көпейұлының айтуынша, ол өз заманының көмекей әулиесі болған. Ешқашан қара сөзді білмеген, егер сөйлейтін болса, көмейін бүлкілдетіп жырлай бастайды екен. Бұқар жыраудың бұдан үш ғасыр бұрын тілек түрінде айтқан ой толғамдары, парасатты пікірлері, өсиет сөздері бүгінгі буынға арналған тәрізді. Он бір тілектен тұратын толғауының əр тілегі – ақыл-парасаттың қайнар көзі.
Арнұр СҮЛЕЙМЕНОВА,
домбыра пәнінің мұғалімі
13 сәуір 2019 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 17 (294)

25 сәуір 2019 ж.

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930