» » Қайын сіңлісі туған бауырын айналдырып алған елордалық келіншек жан сырын ақтарды

Қайын сіңлісі туған бауырын айналдырып алған елордалық келіншек жан сырын ақтарды

  Семейлік Арай (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек қайын сіңлісі туған бауырын айналдырып алғанын айтып, мұңын шақты. Келіншектің айтуынша, шымкенттік қайын жұрттың оның бауырына алғаш танысқан күннен бастап, көзі түскен екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Екі баласы бар әйел шымкенттіктердің құда болу мәселесінде тез шешімге келетінін айтты.
"Жолдасым жақсы, ата-енеме де айтар уәжім жоқ. Алайда күйеуімнің ең үлкен ағасы мен абысыным қиын адамдар. Әсіресе абысынымның сөзі көп, мінезі де қиын. Соған қарамастан, туған бауырыма өзінің үлкен қызын таныстырмақ болды. Басынан бастап-ақ мен бұл бастамаға қарсы болған едім.Сөйтіп ол әңгіме жабылған сияқты болған. Інім осында тұрады, былтыр төртінші курсты үздік бітіріп, жұмысқа тұрды. Кіші қызыммен бала күтімі бойынша үйде отырғандықтан, жұмысқа шығу керек болды. Сөйтіп әлгі абысыным үлкен қызын "балама қарай тұрады, мұнда Шымкентте бәрібір жұмыс жоқ" деген соң, ойда түк жоқ келіскен едім. Сөйтсем олардың ойлары қыздарын менің ініме жақын болса екен деген екен.Сөйтіп жүргенде қыс келді. Інім үйге келіп-кетіп жүрді. Әке-шешемнің қалада өз үйлері бар. Сонда жолдас баласымен тұрып жатқан. Енді міне көктемде үйленемін деп салды. "Кімге?" десек, қайын сіңлімді айтып отыр. Осындай аз уақытта қалай басы айналып қалғанын білмеймін. Қайын жұртыма қарсы ештеңем жоқ, тек бір отбасымен екінші рет құда болу артық сияқты және ата-анасымен де онша емеспіз. Білмеймін, екі оттың арасында ақыры жолдасым екеуміз қалдық", - дейді келіншек.
Амалы таусылған ол інісін алдағы уақытта қайын сіңлісіне үйленемін деген райынан қайтарамын деп отыр.
"Қалай көндірсем екен? Қайын сіңлім басын айналдырған болып тұр ғой. Әйтпесе әлі жас, талай қыз кездеседі деп ойлаймын. Әке-шешем де Шымкентпен бір рет құда болғанымыз да жетеді деп отыр. Тағы көндіріп көреміз енді, басқа амал жоқ", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.


15 сәуір 2019 ж. 1 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930