» » "Түсік тастай жаздады": Қарағанды облысында жүкті әйел ХҚКО-да өзінің қайтыс болғанын білген

"Түсік тастай жаздады": Қарағанды облысында жүкті әйел ХҚКО-да өзінің қайтыс болғанын білген

  Шахтинск қаласында жүкті әйел өлілердің тізіміне кіріп кеткен. Бұл туралы ол Халыққа қызмет көрсету орталығында біліпті, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік органдарда жіберілген қате туралы жүкті әйелдің туысы әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше, жәрдемақыны рәсімдемек болып, келінінің мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға барған. Алайда ол жерде әйелдің қайтыс болғаны туралы мәлімет беріпті. Салдарынан бұл жайт жүкті әйелдің денсаулығына әсер етіп, түсік тастай жаздаған.
«Қалайша мәліметтерді шатастырып, тірі адамды жерлеп тастауға болады?» - деп шағымданды әйел.
Полиция мен ХҚКО-дағылар оқиғаның мән-жайын тексеріп, қате жіберілгенін анықтаған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мекенжай анықтамасындағы қате АХАТ бөлімінің қызметкерлерінің себебінен кеткен екен. 
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасында қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтер АХАТ-тың ақпараттық жүйесінен енгізіледі. Бұл жағдайда бұрыс ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық АХАТ қызметкерлері енгізген», - дейді полиция департаментіндегілер. 
Қазіргі уақытта өзге облыстағы АХАТ қызметкерлерінің неліктен мұндай қате жібергені анықталып жатыр. 
15 сәуір 2019 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 17 (294)

25 сәуір 2019 ж.

№ 16 (293)

18 сәуір 2019 ж.

№ 15 (292)

11 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930