» » Орталық қызметін 4 млн 246 мың адам пайдаланды

Орталық қызметін 4 млн 246 мың адам пайдаланды

  Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-ның құрылғанына 3 жыл толуына орай баспасөз мәслихаты өтті.
Орталық соңғы үш жыл ішінде 4 млн. 246 мың қызмет түрін көрсетіпті. Мәселен, 2 мыңнан астам қызылордалық жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстырған. Электрондық үкімет порталы арқылы 167 автокөлік тіркелген. Сондай-ақ филиалда шетелдік азаматтар үшін көші қон қызметтерін көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы брифинг барысында "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді. "Бұрын шетелдік еңбек магистранттары жұмысқа орналасу бойынша құжаттарын рәсімдеуге бірнеше күн жүрсе, жаңа орталықтың ашылуымен құжаттарды рәсімдеу процесі әлдеқайда жеңілдетілді", – деді Айдын Бөкенбайұлы.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Оңтайландыру аясында іске қосылған жоба арқылы проактивті форматта туу туралы куәлік рәсімдеуге болады. Жоба іске қосылғалы бері облыс бойынша 7 мың болашақ ана жүйеге тіркеліп, 6300 анаға проактивті алуға SMS ұсыныс жолданды.
Динар БЕРІКҰЛЫ
17 сәуір 2019 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930