» » "Бозторғай": іріктеу кезеңі

"Бозторғай": іріктеу кезеңі

  "Бозторғай" конкурсы жиырма бірінші мәрте шымылдығын түрді. Алғаш 1999 жылдан бастап қолға алынып, 2003 жылдан бері халықаралық мәртебеге ие болған өнер додасы тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде де өтеді. Болашақ жұлдыздарды бала күнінен баулып, кішкентайынан үлкен сахнаға дайындайтын байқау халық арасынан талай таланттарды тауып, жас есімдердің жарыққа шығуына жол ашты. Ән, хореография, аспапта ойнау, халықтық орындау және көркемсөз оқу жанрлары бойынша 500-ге тарта өнерпаз қатысты. Қазылар алқасы құрамында ҚР еңбек сіңірген артисі Қ.Ақдәулетова, "Томирис" би ансамблінің көркемдік жетекшісі Г.Мырзабаева, қобызшы С.Пұсырманова бар. Байқаудың ерекшелігі аспаптық ансамбльдер мен жеке аспапта орындаушылар бөлек-бөлек марапатталды.
Атап айтар болсақ, аспапты ансамбльдер жанры бойынша Шиелі аудандық әуез мектебінің ұлт-аспаптар ансамблі, аспапты жеке орындау­шылар жанрында Ақниет Бөлеген (11-13 жас), Дильназ Әлімбаева (14-17 жас), вокал жанрында Мадияр Серік (10 жасқа дейін), Нұрбек Әмірбекұлы (11-13 жас), халықтық орындау жанрында Назым Изатуллаева (10 жасқа дейін), Шұғыла Мархаба (11-13 жас), Аяжан Шынберген (14-17), көркемсөз оқу жанры бойынша Ақнұр Ақмалиева, Нұрасыл Әділбек (11-13 жас), Ақсұңқар Айдын (14-17) жеңімпаз деп танылды.
 Мөлдір ӘШІМОВА, ата-ана:
"Ұлым Ернар Мақсатұлы көркемсөз оқу жанрынан ІІІ орынды иеленді. Өнерге бет бұрғанына біршама уақыт болды. Жетістіктері де аз емес. "Бозторғай" балалар конкурсында ұлымның жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Биіктерден көріне беруіне тілектеспін.
Бас жүлде алған жеңімпаздар мамыр айында Алматы қаласында өтетін халықаралық "Бозторғай" конкурсына жолдама алды.
Мөлдір САБЫРЖАН
17 сәуір 2019 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031