» » Қосшыңырауға автобус берілді

Қосшыңырауға автобус берілді

Газетіміздің №14 (291) 4 сәуір, бейсенбі күні жарияланған санында "Қосшыңыраудан қалаға қатынаудың қиыны-ай" атты тақырыпта материал жарияланған болатын. Мақалада көрсетілген мәселе шешімін тауып, ауылға үлкен сыйымдылықта қоғамдық көлік берілді. Ауыл тұрғындарының редакцияға айтар алғысы шексіз.


Раушан ЖАРМАҒАНБЕТОВА, Қосшыңырау ауылының тұрғыны:
– Біздің ауылдағы басты мәселе қоғамдық көлік еді. Жұмысқа барарда тығылысатынбыз. Бұл мәселенің газетте көтерілгенін жиналыстан естідім. Десе де нәтижесі жуық арада шешіледі деген ой болған жоқ. Дүйсенбі күні жұмысқа шықсам, үлкен автобус келді. Бұл менің ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарының қуанышы. Мәселені көтеру бір басқа, одан шешім шығару ол мүлде басқа ғой. Осы ретте редакция ұжымына алғыс білдіргім келеді. Түйткіл мәселенің шешімі табылғанына рақмет!
Айман ТАЛҒАТҚЫЗЫ, ауыл тұрғыны:
– Бұл мәселенің шешімін табудың қандай жолы бар деп ойланушы едік. Жұмысқа еркін жету біз үшін қиынға соққан. Жақында достарымнан мақала жарияланғанын естідім. Бүгін, міне, өз-көзіме өзім сене алмай отырмын. Игілікті іске қолдау білдірген редакцияға рақмет айтқым келеді.

18 сәуір 2019 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930