» » "Кедергі емес": Луина сүйіктісінен жеті жас үлкен екенін мойындады

"Кедергі емес": Луина сүйіктісінен жеті жас үлкен екенін мойындады


Өткен жылдың соңында Луина көпшілікке Артём есімді сүйіктісін таныстырған болатын. Ал күні кеше әнші тағы бір шындықтың бетін ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында сүйгенінің өзінен жеті жасқа кіші екенін мәлім еткен.
"Біздің жас айырмашылығымыз жеті жас. Алайда бұл бізге кедергі емес", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары жарасымды жұптың жас айырмашылығы мүлде байқалмайтынын жеткізді.
"Сіз өте жас көрінесіз", "Мүлде білінбейді ғой", "Жігітіңізден жасыңыз кіші секілді", "Оның сізді бақытты еткені көрініп тұр", "Соңғы уақытта бақыттан бал-бұл жанып жүрсіз".
"Махаббат жасқа қарамайды", "Өзгелердің не айтатыны маңызды емес. Бастысы өзіңіз бақытты болсаңыз жеткілікті", "Өзіңізді үнемі қалыпта ұстайсыз. Мүсініңіз мінсіз", "Сіздерді қатар деп ойладым".
"Жас айырмашылығын неге айттыңыз? Сіз жазбасаңыз, байқамайтын да едік", "Бізге бәрібір ғой. Өзің бақытты болсаң, ешкімге ештеңе айтпау керек", "Той қашан болады?", "Жас айырмашылығы байқалады әрине. Сіз өз-өзіңізді күткеннің арқасында ғана жас көрінесіз" деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың соңында Луина Артём есімді жігітпен кездесіп жүргенін мәлім еткен болатын.
18 сәуір 2019 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829