» » Өткенді еске алу өзіңнен басқа бір жан түсінбейтін мұражайды ойша аралау

Өткенді еске алу өзіңнен басқа бір жан түсінбейтін мұражайды ойша аралау

  1. Дананың ақылы баланың ойынан басталады. Ойын да үлкен тәрбие, ойнау үшін де ойлану керек.
2. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа дейтін ескі кемсітуге әйел баласы өз қарсылығын ақылмен жасап, олай еместігін ақылмен дәлелдеуге тиіс.
3. Өмірдің өкінші де өзінше тарих. Өткенді еске алу өзіңнен басқа бір жан түсінбейтін мұражайды ойша аралау.
4. Еркек күнәсін далаға тастап келеді, әйел күнәсін үйге алып келеді.
5. Біреуді бағалай білген адам өзі де бағалы.
6. Күнәңді өзің сезінбесең, күнәсіз кісідей жүре бересің, оның азабын сезінген соң тартасың.
7. Сүю деген ақылды да бағындыратын сезім.
8. Сағыныштың жалғыздығы – қалың елдің қақ ортасында да жалғыздық.
9. ... Әрбір сүюдің өзіне ғана тән, өзің ғана білетін, тіпті қыр-сырын өзің де білмейтін, бірақ жаныңды жолына құрбан ғып тұратын құдыреті болады.
10. Әйелді еркек тек әйел болғаны, ұрпақ туғаны үшін ғана әздектемей, жар бола білген жақсылығы, үйде жұмақ орнатқан ақылы үшін де ардақтайды.
11. ... Қазақтың бір азаматы екінші азаматын сыйлап, өтінішін орындап жүрсе, елдің бірлігі, меніңше сонда беріктей түседі.
12. Адам үшін ең қымбат – бала болғандықтан, әдебиеттегі ең құрметті – балалар әдебиеті.
13. Әзілді айта білу де, түсіну де, әзілге әзілмен жауап беру де – адамның кісілік деңгейін танытатын қасиет.
14. Еркектерде кездесетін еренсіздік, атүстілік – әйелге кешірімсіз. Үй ұстаған әйел ол үйді адалдығымен ғана ұстай алады.
15. ...Дананы, кемеңгер мен кемелді, құдыретті кісілерді халықтың ниеті, қошеметі тудырады.
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ
20 сәуір 2019 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031