ӘН – ӘМІРЕ

  Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Әміре» драмасын Сыр өңірінде сахналады. Қойылым желісі қазақтың халық әншісі Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсетуімен басталады. Әлем жұртын таң қалдырған Әміре концерттен кейін сол кезеңде жала жабылып, қашқын аталған Мұстафа Шоқаймен кездеседі. Осыдан кейін Отанына оралған Әмірені үкімет тыңшы санап, жан-жақтан қыспаққа алып, озбырлық көрсетеді. Осындай тауқыметті басынан кешірген, өмірден азаттықты аңсап, әділдікті ту еткен Әміре бейнесі өмір мен өнердің құндылығын дәріптейді. Әміре әнімен әуелеген сахна қойылымы көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленді.
Назерке ЖЕТПІСБАЙ
22 сәуір 2019 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829