» » "Тоқтағанша сол жүректі сақтаймын": Керменбаевтың келіншегіне арнаған әні жұрттың жүрегін елжіретті

"Тоқтағанша сол жүректі сақтаймын": Керменбаевтың келіншегіне арнаған әні жұрттың жүрегін елжіретті

Нұржан Керменбаевтың "Мендік жүрегің" атты келіншегіне арнаған жаңа туындысы тыңдарманға жол тартты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.


Бұл жайлы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, оқырмандарынан пікір сұрады. Әннің сөзін жазған – Бағдәулет Арыстан, әуенінің авторы – Серік Сыздықов.
"Қалай болып жатыр өзі? Тыңдап жатырсыздар ма? Хит ди мә, бір нәрсе диді ғой. Youtube желісінде 2 күнде 250 000-нан астам қаралым, бірақ трендке шығу үшін, пікір көбірек болу керек екен. Сол жағынан кішігірім атсалысып жіберейік. Асылында әнді жүктеймін дегендерге, әнді сайттарға салып қойдық. Емін еркін жүктей беріңіздер. Сілтемесі сторисымда тұр", - дейді Керменбаев.
Трендте болғысы келген өнер иесінің оқырмандары да жаңа туындыға бағасын берді. 
Бірі "Эээ...хит, мит дегендерге еліктеп, түрленіп кеттіңдер-оу" деп әнді қабылдай алмай жатса, енді бірі "Өте жақсы ән. Үлгілі отбасы болыңдар. Қазіргі ертеңін ойлауға өресі жетпейтін уақытша қызық үшін ажырасып жатқан қаншама отбасы үлгі алады. Қазіргі ел алдында жүрген бауырларымыз осыған көңіл бөліп отбасы құндылықтарын насихаттағандары құптарлық жағдай" деп алғысын жаудырды.
22 сәуір 2019 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30