» » Отбасын сақтап қалмақ болған: Ақмола облысында әйелін кепілге алған ер адамның оқиғасының мән-жайы

Отбасын сақтап қалмақ болған: Ақмола облысында әйелін кепілге алған ер адамның оқиғасының мән-жайы

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алған еді. Артынша полиция әйелді босатып алды. Белгілі болғандай, ер адам мұндай қауіпті қадамға отбасын сақтап қалу үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғанын хабарлаған едік. Ер адам үш баласының анасын күштеп ұстап, өлтіретінін айтып қорқытқан. 
Құқық қорғаушыларға әйелді босатып алу үшін бір сағатқа жуық уақыт қажет болды. Осы уақыт бойы ер адам әйелге қару кезеніп, сес көрсеткен. Ол әйелден балаларын қайтаруын талап етіп, отбасымен бірге кету үшін көлік сұраған. Полицейлер ер адамның басқа жаққа назар аударған сәтін пайдаланып, оны ұстап алды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 
Артынша анықталғандай, 33 жастағы ер адам осындай жолмен отбасын сақтап қалмақ болған. Ерлі-зайыпты бұрын ажырасып кеткен екен. Сот балаларды анасына қалдыру туралы шешім шығарғаннан кейін, әкесі оларды аңди бастапты. Ал әйел құжаттарды қайта рәсімдеуге кеткенде, оны ұстап алған. Ендігі ер адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Одан қару мен пышақ тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 261-бабына (Кепілге алу) сәйкес іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Пинчук.
24 сәуір 2019 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031