» » Көшедегі қателік

Көшедегі қателік

  Бірде теміржол вокзалынан түскен соң такси тоқтатып, межелі жеріме жеткізуін сұрадым. Алакеуім уақыт болған соң ба көшеде көлік көп. Қала іші кептеліс. Осыны көріп таксист қуыс-қолтық көшелерге түсіп жүйтки жөнелді. Бір уақытта Қорқыт ата университетінің студенттер сарайынан өтіп, ақын Сырбай Мәуленов көшесіне түстік. Ал енді мына сорақылықты қараңыз.
Көшенің тең жартысында "С.Мәуленов" дегеннің орнына "С.Мәуленова" деп жазып қойған. Ер адамның атына берілген бұл көшені әркім әрқалай қабылдауы мүмкін. Тіпті тақтайшаны оқып әйел екен деп ойлап қалуы да ғажап емес. Бұл ақынды танымағандықтан, оны білуге ұмтылмағандықтан дегеннің өзінде, мынадай салғырттыққа жол беруге болмайды ғой. Көп адамдар көше тақтайшаларын орнатқан кезде осылай селқостық танытады. Оған себеп тұрғындардың кәсіби шеберханалардың көмегіне жүгінбеуі секілді. Өйткені тұрғындар ақша үнемдеу мақсатында жұмысты бейберекет істейтін таныс шеберлерге тапсырыс беретінін естіп жатамыз. Оның үстіне, таныс шебердің қазақ тілі орфографиясын білетініне немесе сол көшенің аты берілген адамды танитынына ешкім кепілдік бере алмайды. Мән бермей жасалған жұмыстан осындай өрескел қателіктер кетіп жататыны рас. Сондықтан әр адам өз үйіндегі көше атауы жазылатын тақтайшаға назар аударса екен.

****
Ауылдан келген бір қазақ Алматыны аралап келе жатып, көше бойындағы М.Мақатаева деген жазуды көріп: "Апарай Алматы үлкен екен ғой расында. Мұқағали Мақатаевпен қоса әйеліне де көше беріпті ғой", – депті таңданып.
17 сәуір 2019 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930