» » АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

  Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев белсенді аудан жастарымен кездесті. Бейресми, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылған кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округтердің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар, колледж студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Сонымен қатар, салтанатты жиынға Қызылорда облыстық жастар басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов пен кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммед Болатбеков қонақ ретінде шақырылды.
Аудан әкімі алдымен, аудандағы жас кәсіпкерлердің көрмесімен және Жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстарымен танысты.
Жиынды аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Ахметов жүргізіп отырды. Кездесуде аудан басшысы жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын айтып, Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында аудан жастары жастар басқармасы мен кәсіпкерлік туризм басқармасының Жастар жылына орай ұйымдастырылған игі істерінен құлағдар болды.
Аудан басшысымен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын, ұсыныс пікірлерін қойды. Сауалдар негізінен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының тұрақты түрде жүзеге асуы, кәсіпкерлікті қолға алған істерінің дамуына жағдай туғызу төңірегінде болды.
Кездесу барысында аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-тілектерді назарға алып, оңтайлы шешімін табуына жұмыстар жасалатынын жеткізді. Жастарға алдағы уақытта көш басында болуларына сәттілік тіледі.
Қазалы Жастар ресурстық орталығы
24 сәуір 2019 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930