» » "Медицина жанымызда" акциясы

"Медицина жанымызда" акциясы

  Еліміздің барлық өңірі бойынша 23 сәуірде басталған "Медицина жанымызда" акциясы 6 мамырға дейін жалғасады. Акцияның мақсаты – міндетті медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі, тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізу, саламатты өмір салтын қалыптастыру жайынан ақпарат беру. Біздің облыста акция Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылынан басталды.
Жалпы акцияға 3 ФАП, 1 медициналық пункт, 9 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетті. Медициналық бригада құрамында жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр, терапевт, хирург, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, стоматолог бар. Келушілер қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады және флюрографиялық, ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограмма қызметін пайдаланды. Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы акцияның маңыздылығына тоқталды.
– "Медицина жанымызда" акциясы Қалжан ахун елді-мекенінен басталды. Акцияға дәрігерлермен қоса зерттеулерді де әкелдік. Мұндай жұмыс тек акция аясында ғана өткізілмейді. Біз былтырдан бері мобильдік топтар құрып, оның ішінде сала мамандарымен, әлеуметтік қызметкерлермен бірігіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Мысалы, былтыр 41 рет тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, медициналық көмек ұсындық. Қазіргі таңда 200-ден аса тұрғын медицина қызметіне жүгінді, – деді Нұржамал Мырзағалиева.
Жалпы, Сырдария ауданында аудандық аурухана мен емхана бар. 14 елді-мекенде 9 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік, акушерлік пункт, 1 медпункт бар. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 700. Оның ішінде  дәрігер саны – 85. Былтыр ауруханада жаңадан 5 бөлімше ашылды: қабылдау, оңалту, гинекология, мердігерлік күтім бөлімі, екінші деңгейдегі перзентхана. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинет бар. Жылжымалы стоматология пункті де жұмыс істейді. Ауданға былтыр 5 жедел-жәрдем көлігі берілді.
Гүлзат Тыныштықбаева, Сырдария аудандық емханасының кардиолог дәрігері:
– Аудандық дәрігерлер халыққа алғашқы көмек көрсетіп, мүмкіндігінше кеңес бердік. Медициналық сақтандыру жөнінде ауқымды түсіндірдік. Тұрғындар қан қысымын өлшетуде. Егер қан қысымы жоғары болса, алғашқы көмек көрсетіледі. Қандай дәрі ішу керек, қандай күтім жасалу керек – толық айтылды. Саламатты өмір салтын ұстану жөнінде де түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Жарты сағаттың көлемінде кардиологияға 10-ға жуық адам келді.
Тыныштықгүл Әуесбаева, Батыр ана, ауыл тұрғыны:
– Дәрігер денсаулығымды жіті бақылауда ұстайды. Жаңа қан қысымымды тексерттім. Енді кардиолог дәрігеріне қараламын. Дәрігер барлық жерімнің ауыратынын айтты. Дәрісін беріп, уақытылы қадағалап отырады. Басқа күндері барлық дәрігерге көрінуге мүмкіндік болмайды. Бүгін сәті түсті. Сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сара ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, Қоғамдық кеңестің төрағасы:
–  Қалжан ахун ауылының тұрғындары атынан алғыс білдіремін. Қалаға бармай-ақ ауылдық емханадан сараптама жасауға мүмкіндік алдық. Әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты мәліметке қанық болдық. Игілікті шаралар жалғаса берсін.
Гүлжамила Досығұлова, зейнеткер:
– Акция тұрғындарға тиімді болды. Қан қысымын өлшетіп, қандай ем қабылдау керегін нақтылады. Жүрек ауруынан екі жылдан бері тіркеудемін. Тегін дәрі-дәрмекке қол жеткіздім. Тиімді тамақтану тәсілін айтты. Жүрек талмасының алдын алу жолдарын атап өтті.
Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне, табысына қарамастан медициналық, дәрілік көмекке тең кепілдік береді.
Мөлдір САБЫРЖАН
26 сәуір 2019 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031