» » ОҢТҮСТІК ДЕРБИДЕ ГОЛ САЛЫНБАДЫ

ОҢТҮСТІК ДЕРБИДЕ ГОЛ САЛЫНБАДЫ

  Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6 туры артта қалды. Бұл турда "Қайсар" "Ордабасыны" қабылдады. Оңтүстік дерби қашанда тартысты өтеді.
         Алғашқы минуттан қос ұжым да гол соғудың амалын қарастырды. Кездесудің бірінші бөлігінде доп алма-кезек ортада өрбігендіктен шабуылшылар тарапынан екі қақпашыға қиындық туындамады. Ойынның екінші жартысында Стойчо шәкірттері шабуылын үдете бастады. Алдымен Асхат Тағыбергеннің тоғыздыққа бағыттаған добын Непогодов қайтарса, Братислав Пуношевацтың тепкен добы қақпа бағанасының маңайынан өтті. Қарсыластар да қарымта шабуылға шығып, қақпашы Григоренконың әуселесін байқап көрді. Осылайша 90 минуттық тартыста қос ұжым гол сала алмай, тең тарқасты. 8 ұпай еншілеген қасқырлар турнирлік кестеде 6 орынды сақтап қалды. Айта кетейік, "Қайсар" келесі кездесуін 27 сәуірде түзде "Шахтермен" өткізеді.
27 сәуір 2019 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031