» » ВИКТОР НИ: ЕЛ ҚҰРАМАСЫ БАБЫНДА ЕМЕС

ВИКТОР НИ: ЕЛ ҚҰРАМАСЫ БАБЫНДА ЕМЕС

  Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді дегеннен көпшілік спортшылардың бабын байыптап, команда бапкерінен пікір сұрағанды құп көреді. Жарыс алдында бапкер Виктор көптің қалауымен спортшылардың жарыс алдындағы дайындығымен бөлісті.
«Спортшылардың дайындығы жоспар бойынша өтуде. Әрине, біз әрдайым жоғары нәтижеге ұмтыламыз. Бірақ кейбір кедергілерге қарамастан, команда жақсы деңгейде дайындалып жатыр. Меніңше, Азия чемпионатында екі-үш медаль алатын мүмкіндігіміз бар», - дейді Виктор Ни. Бапкердің айтуынша, Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов пен Илья Ильин айтарлықтай бабында емес екен. «Команда толығымен бабына енді дей алмаймын. Әлем чемпионатына дейін жүз пайыз дайын болары сөзсіз. Қазіргі кезде кейбір спортшылардың әлі кемеліне келмегенін айтуға болады. Зүлфия Чиншанло 70 пайызға дайын. Рахимовтың арқасында жарақаты бар, Илья Ильин де бабында емес. Олардың барлығы әлем чемпионатына дейін қалпына келеді», - дейді бапкер. Виктор Ни алдағы Азия чемпионатынан соң күрмеуі көп мәселелердің шешілетініне сенімді. «Азия біріншілігінен соң бәрі белгілі болады. Алда екі ірі жарыс бар. Сол бәсекелерден кейін ғана Олимпиада туралы ойланатын боламыз», - деді ол
27 сәуір 2019 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930