» » Онлайн конференция

Онлайн конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері факультеті, «Екі шет тілі» мамандығының I курс студенттері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Фатима Ақынбайқызының ғылыми жетекшілігімен Елбасының "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының аясында "Түркі мемлекетінің шығу тарихы" атты ғылыми-онлайн конференция өткізді.
Конференцияға дайындық барысында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Шара ашина тайпасының шығуынан бастап, қазақ халқының ел болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтыды. Онлайн-конференция шетел азаматтарына түсінікті болу үшін ағылшын тілінде жүргізілді және Америкадан келген университет оқытушысы Эдуард мырза мен Түркия елінде білім алған студенттер қонақ болды. Конференцияға дайындық барысында студенттер Алматы қалалық музейіндегі, ұлттық кітапханадағы рухани құндылықтармен танысты.
Айта кетейік, биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрылғанына 85 жыл толады. Осыған орай оқу орны түркі жұртының тарихы, ел шежіресі, бабалар мұрасына қатысты бірнеше жиын өткізуде.
Фатима ҚОЗЫБАҚОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты
Гүлназ МАДЕН,
ҚазҰУ-дың І курс студенті
26 сәуір 2019 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031