» » "Бір адамды өлтірсең, барша адамзатты өлтіргенің": Назарбаев көрші елдерді тату болуға шақырды

"Бір адамды өлтірсең, барша адамзатты өлтіргенің": Назарбаев көрші елдерді тату болуға шақырды

ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бейбіт шешілуін қалайтынын айтты. Бұл туралы ол "Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту" тақырыбында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Қазақстан тиімді бітімгер ретінде белгілі. Бізге алыс-жақын көршілеріміз сенеді. Барлық тарихи оқиға бізде өтеді. Еліміз Таулы Қарабақ, Иран, Үндістан, Пәкістан, Сирия, Ресей, Түркия айналасындағы шиеленісті азайтуға өз үлесін қосты. Біз Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бейбіт шешілгенін қалаймыз. Әрдайым мәселелерді шешуге қосыламын. Барлық соғыс пен шиеленіс бейбітшілікпен бітеді. Бұл да бір күні аяқталады", - деді Елбасы
Ол қазақ жерінің өркениет диалогы алаңына айналғанын атап өтті. 
"2003 жылдан бастап дәл осы ғимаратта, астанамызда жүздеген әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерін жинайтын съезд өтеді. Әлемде олар жиналатын басқа жер жоқ. Әлемде Иранның жоғарғы молдасы мен Израиль раввині бір-бірімен қол алысып, Құдайдың бәріне ортақ екенін, оған әртүрлі жолмен жететінін және барлық дінде басқа діндердің барлығын жақсы көруі керек дейтін әңгімелер осы жерде ғана айтылады. "Құранда бір адамды өлтірсең, бар әлемді, адамзатты өлтірдің" дейді. Басқа дінде де солай. Осындай сұхбаттарды тек Қазақстанда ғана жүргізуге болады", - деп қорытты сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы. 
29 сәуір 2019 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829