» » "Меломен" әншісі өкпесін айтқан Жігер Ауыпбаевқа жауап берді

"Меломен" әншісі өкпесін айтқан Жігер Ауыпбаевқа жауап берді

Жігер Ауыпбаев күні кеше "Меломен" тобының он жылдық кешінде ән айтып, оны топ жігіттерінің телеарнадағы нұсқасынан кесіп тастағанына қапаланғанын жеткізген болатын. Әншінің бұл өкпесіне "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасұлы жауап берді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін"бағдарламасы.

Ауыпбаевтың әріптесі бұл тірліктің қасақана істелмегенін, әннің дін тақырыбында болғандықтан ұлттық арнадан кесілгенін ескертті.
"Ол жерде бізде көптеген нұсқалар болды. Біріншіден ұлттық арна түсірмейтін деген себеп болды да, біз "31" немесе "КТК" арнасы немесе басқа арналар тәуелсіз. Оларға діни тақырыпты айтсаң да, бере береді. Ал ұлттық арнаның діни тақырыпқа келгенде өз шектеулері бар. "Құдай қаласа" деген сөзді айтқызбаған кездер болған. Сол себепті біз ол жерде Жігермен "Таухид" деген әнді бастадық. Ол ән бізге қатты әсер берген. Бізде "халықтың жүрегіне әнмен иман дәнін ексек" деген мақсат болған. Жалпы "Меломеннің" құрылғандағы мақсаты да осы.
Басқа да әндерді айтуға болатын еді. Жігер де "Жігіттер мынаны айтайық" деп ұсынған болатын. Ал біз тура ұлттық арнаны түсіреміз деп ойламадық. Ал енді дайындық барысында осы әнге дайындалып кете бергеннен кейін, ұлттық арнаға түсеміз деп шештік. Ұлттық арна оны алып тастады. Ол жерде тек ол сөз ғана емес, басқа көптеген нұсқаларымыз кесілген.
Біз шынымызды айтайық, арналармен жұмыс жасаспадық. Олардың ыңғайына көнген жоқпыз. Өзіміздің тақырыпты халық қалай қабылдады, сол әндерді орындаймыз. Бізде қатты қағидалар болған жоқ. "Түсірсе түсірсін, түсірмесе қойсын" деген талаптар. Болды біз содан қатып тұрдық, одан кеткен жоқпыз. Бұл жерде тек уақыты ғана ғой", - дейді Ғабит Бибасұлы.
Ал Анна Данченко "Меломен" әншісінен: "Олай болса, неге Жігер Ауыпбаевқа ескертіп айтпадыңыздар? Ол кісі "Телеарнадан қарап отырған кезде, бір-ақ көрдім" дейді. Бір ауыз сөз неге айтпадыңыздар?", - деп сұрады.
"Мысалы біз екі ән айтуымыз мүмкін еді. Ұлттық арнаның түсіретіні ойымызға да кіріп-шықпапты. Кейіннен ойлап отырсақ, оны бәрібір де алып тастайды екен. "Таухид" деген әнді халық біледі, Алланы ұлықтау, бірлеу деген... Жігермен ақылдасқанда, ол басқа әнді ұсынған. Бірақ "Жігер, біз осы әнмен шықтық қой. Осы ән арқылы көп адам сабақ алды. Дінге деген көзқарасының өзгергенін айтып жатты.
Біздің дәстүрді айтты. Жалпы енді, бізді жаратқан Алланы ұлықтау деген үлкен тақырыпты біз Жігермен айтқымыз келді. Әйтпесе, Жігердің қанша жерден, қандай шеберлікпен орындайтынын, қандай диапазонмен орындайтыны кез-келген әншіге, адамға түсінікті. Ол мега талантты жігіт. Бізге ән мәселе болған жоқ. Біз осы әнді бірге айтайықшы дедік. Ал қалғанын білмеймін. Арналармен қатты байланысқа түскен жоқпыз.
Жігер енді айтты "Жігіттер, сендер ол әнді ұлттық арнаның көрсетпейтінін білдіңдер ғой" деп. Сосын мен тура осы әңгімені айттым. "Жігер, ол кезде концертке дайындық - басты мақсат, басты ниет". Мақұл ол бүкіл халыққа көрінбесе де, ол youtube-та тұр. Қазір көп адам арнадан қарағанда, смартфонмен жүр ғой. Youtube-та айтылғандары тұр. Оны салдық. Бізге маңыздысы республика сарайына келген 3000 адам. Бізге сол 3000 адам тыңдаса да жеткілікті. Түсіндіріп айттым оны. Расымен де, бізге қатты соққы ғой. Әдейі істегендей, қасақана жасалған тірлік сияқты болып қалды", - деп сөзін қорытты Ғабит Бибасұлы.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Жігер Ауыпбаев концерттегі әнін кесіп тастаған "Меломенге" өкпесін айтқан болатын.
30 сәуір 2019 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

50-327

12 желтоқсан 2019 ж.

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031