» » "Медицина жанымызда"

"Медицина жанымызда"

   Еліміздің барлық өңірі бойынша 23 сәуірде басталған "Медицина жанымызда" акциясы 6 мамырға дейін жалғасады. Акцияның мақсаты – міндетті медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі, тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайынан ақпарат беру. Аталмыш акция Жалағаш ауданы Еңбек аулында жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізілуі туралы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қандай көмектер көрсетілетіні екендігі туралы ақпараттандыру. Акция аясында медициналық бригада құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, сондай-ақ, балалар дәрігері, терапевт дәрігері, хирург дәрігері, невропатолог, кардиолог, ЖДО мамандары, тіс дәрігері тұрғындарға қабылдау жүргізді. Дәрігерлік тексеру барысында тұрғындардың қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтау, флюрогорафиялық тексеру, электрокардиограммалық тексеру құрал-жабдықтары арқылы тексерулері жүргізіліп, науқастардың шағымдарын тыңдап барлық қыметті көрсетті. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру саласының мамандары халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айымгүл АСАНОВА, ауыл тұрғыны: "Медицина жанымызда" атты акцияға алғысымыз шексіз. Себебі ауырып қалған жағдай да аудан орталығына немесе қалаға бару керек болады. Ол көп уақытты алатыны да бар қаржыны санамағанда. Сондықтан осы шараның арқасында өзімнің қан қысымым өте жоғары екенін және жүрек соғысы нашарлағанын білдім. Алдағы уақытта емделу керектігін осы мамандар айтып берді, алғыстан басқа ештеңе айта алмаймын.
Айгүл Аханова "Әлеуметтік медицина сақтандыру қоры" КЕАҚ облыстық филиалының сарапшысы: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер жалақының 1% пайызын "Медицина сақтандыру " қорына аударатын болады. Біз қазір осы акция аясында Әлеуметтік медицина сақтандыру қоры үстіміздегі жылы қандай аударылымдар жүргізетіні туралы халыққа түсіндіріп жатырмыз.
Байтүгей СУАН
30 сәуір 2019 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031