» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫН ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫН ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

 Биыл жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру және олардың отаншылдық, ұлттық сезімдерін дамыту мақсатында «Айбын» облыстық әскери-патриоттық жиыны V рет ұйымдастырылды. Әскери-қолданбалы спорттық жарыс қатысушыларына Жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, ҚР Қорғаныс министрлігі «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары Алмат Жақыпов сәттілік тілеп, сөз сөйледі.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самғау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген жиынға аймақтан 9 команда қатысып, кермеде тартылу, арқаға жатып денені көтеру, арқан тарту сынды сегіз әскери-қолданбалы спорт түрінен бақ сынады. Сайыс нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша бас жүлдені Шиелі ауданы иеленді. Енді республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы Спасск әскери полигонында өтеді. Облыс құрамасын шығарып салу, күтіп алу жұмыстары салтанатты түрде ұйымдастырылатын болады.

Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ

30 сәуір 2019 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930