» » "Масқара": Тойда микрофонды теріс ұстап, өнер көрсеткен әнші ұятқа қалды (видео)

"Масқара": Тойда микрофонды теріс ұстап, өнер көрсеткен әнші ұятқа қалды (видео)

  Тойда микрофонды теріс ұстап, өнер көрсеткен әнші ұятқа қалды. Думанды кеште фонограммамен ән орындаған өнерпаздардың видеосын Алпамыс Шәрімов өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Продюсер халық ақша төлеген соң әншілер әнді жанды дауыста айтқаны абзал екенін алға тартты.
"Микрофонның артымен де ән айта беруге болатын болып тұр ғой! Қазір xалық сауатты, фонограмманың не екенін біледі. Билетке ақшасы төленген концерт, тойда алатын гонорар бар жерде жанды, табиғи дауыспен айту керек деп ойлаймын! Заң былай тұрсын, алдап алынған ақшаға қалайша нан сатып алуға болады?", -деп жазған ол.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары өнерпаздарды әбден сынаған.
"Ұят-ай", "Масқара", "Өзіміз талап етсек айтады ғой", "Қолдарына бір қараса, қайтеді", "Байқамай қалған ғой"- деп жазған олар.

04 мамыр 2019 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30