» » "15 жыл бойы төлеймін": Салтанат Бақаева қарызға белшесінен батқанын айтты

"15 жыл бойы төлеймін": Салтанат Бақаева қарызға белшесінен батқанын айтты

  Белгілі актриса, әнші Салтанат Бақаева қарызға белшесінен батқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz

«Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында өнер иесі мемлекетке қарыз екенін жасырмады. Жақында ғана пәтер алып қуанған ол, әлі бұл мүлікті менің меншігім деп айту қиын дейді. Актриса пәтерді ипотекаға алған көрінеді.
«Мемлекеттік бағдарлама бойынша үкіметтің берген пәтері. Мемлекетке қарызбыз. Менің пәтерім деп қатты айтып кеттім негізі. Жөндеу жұмыстары бітіп, ішін әрлеуге кірісіп жатырмыз. Жолдасымыз екеуіміз тым қарапайымбыз, бәрін өзіміз ақырындап жасағанды жөн көрдік», - дейді әнші.
Өнер жұлдызы үкіметке қанша қарыз екенін де жасырмады. Кішкентай деген пәтеріне он жылдан көп уақыт бойы ақша төлейтін көрінеді.
«Ойбу, қарыз деген кетті ғой 15 жылға. Екі бөлмелі кішігірім пәтер. 65 шаршы метр», - дейді ол.
Салтанат Бақаеваның пәтер алғанын естіген жұрт әнші жеке шығады деген сыбыс таратты. Бұл сұраққа өнер иесінің өзі жауап берген болатын.
«Жоқ біз бөлек шықпаймыз. Өйткені жолдасым үйдің жалғызы, кенжесі», - дейді Бақаева.
05 мамыр 2019 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031