Дін саясаты

   2014 жылы мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу және дәстүрлі діннің құндылықтарын түсіндіру бағытында аймақта 10 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Оның бірі облыстық, бірі қалалық, 7-еуі аудандық, енді бірі кенттік статусқа ие. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында 6 сала маманы – мемлекеттік қызметте, бюджеттік салада, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында және діни мекемелерде жұмыс істейді. Қазіргі таңда облыс бойынша 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11-і жергілікті діни бірлестік, 170-і филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Ақпаратттық-түсіндіру қызметі4 бағытта құрылған. Атап айтқанда:
- мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесуші;
- жастар және жастар ұйымдарымен кездесуші;
- діни бірлестіктер және діндарлармен кездесуші;
-Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер және олардың туыстарымен кездесуші топтар.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі. Өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің дін мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысының алгоритмі  әзірленіп, бекітілген. Алгоритмнің мәнідін мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің іскерлігі аясында мемлекет аумағындағы барлық этностар мен конфессиялардың дәстүрлі негіздерін дамыту үшін әділ және тең жағдайда АТТ мүшелерінің іс-қимылын біріктіру және жүйелеу. Дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша конфессияаралық келісімді нығайтуға, еліміздегі зайырлылық және толлеранттылықты, бірлік пен ынтымақты сақтауға, қоғам назарын осы салада орын алып отырған дәстүрлі емес теріс пиғылды діни ағымдардың идеологиясының алдын алуға, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға, дін саласына қатысты нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттің дін туралы саясатын түсіндіру алгоритмнің негізгі мақсатына саяды. Алгоритмді іске асыру индикаторыоблыс аумағында дін мәселесі бойынша өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының қызметін нығайту, сондай-ақ атқарылған шараларын одан әрі жетілдіру.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру тәсілінің бірі. Ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) қызметі дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және  қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Дін мәселелері жөніндегі АТТ қызметі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге және оны іске асыруға, қоғам назарын дін саласындағы өзекті мәселелерге аударуға және ел тұрғындарын діни кеңістікте және мемлекеттік-конфессиялық қатынас саласында орын алып отырған мәселелерді шешуге жұмылдыруға, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға септігін тигізеді.
Ақпараттық-түсіндіру тобын құру мақсаты арқылы мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру ұсынылады:
1. Тұрғындардың әртүрлі топтарының дін саласындағы негізгі түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылуын арттыру, тұрғындардың Қазақстандағы конфессияаралық келісімді және діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауын қамтамасыз ету;
2. Азаматтардың дін саласындағы құқықтық сауат деңгейін көтеру арқылы олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
3. Конфессияаралық және ішкі конфессиялық мәселелер негізінде орын алуы мүмкін әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және ескерту;
4. Азаматтар арасында гуманизм қағидаттарын, толеранттылық пен қазақстандық қоғамның рухани бірлігі идеясын қалыптастыру және тарату;
5. Тұрғындарды Қазақстандағы діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметтері туралы, сонымен қатар дәстүрлі діндердің қызметінің мән-мағынасын ашып көрсетумен ақпараттандыру;
6. Қоғамда жалған сипаттағы діндердің және радикалдық ұйымдар мен ағымдардың идеяларының  таралуына тосқауыл қою;
7. Қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын ауыздықтау.
8. Радикалдық діни идеологияны жақтаушылардың, оның ішінде қылмыстық-түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды қоғамдық орта мен дәстүрлі діннің құндылықтарына қайтару және оңалту.
Осыған дейін бір ғана Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемелерінде теолог және ҚМДБ өкілдерінің қатысуымен 119 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде, теолог мамандар 74 жеке кездесу, имамдар 34 жеке кездесу және жалпы 11 топтық кездесу (234 жазасын өтеуші қамтылған) өткізді.
Биыл жыл басында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Махановтың қатысуымен облыс имамдарының білімін жетілдіру бағытында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Кеңесбеков Арал ауданында болып, пробациялық есепте тұрған псевдосалафизм ағымын ұстанушы тұлғалармен жеке кездесу өткізді. «Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар идеяларының беделін түсіру жұмыстары бойынша» бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, «Шетелде теологиялық білім алудың қауіптілігі» тақырыбында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Ақиқат алаңы» телебағдарламасы көрермен қызығушылығын тудырған тақырыптың бірі болды. Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы әр айға жоспарланған. Бір айда бірнеше іс-шара өткізу, кездесулер ұйымдастыру – біздегі қалыпты жұмыс барысы.
Жалпы алғанда, облыстағы діни ахуал бірқалыпты және тұрақты.
07 мамыр 2019 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930