» » Мейрамханадағы әңгіме

Мейрамханадағы әңгіме

  – Мен оқуымның ақшасын толық төледім.
– «Толық» ақшаны қайдан алдын? Көлік те алыпсың...
– Бір кісі төледі. Көлікті де алып берген өзі.
– Ол кім?
– ...
Мұндай әңгімелерді жиі еститін болдық. Байқаймын, қазір «тоқал» деген сөзді есту де таңсық емес. Оны тіпті мақтанышпен айтатындар да бар. Мешітке барып, некесін қидырады. Бір сөзбен айтқанда, тоқал болу да оңай.
Таныс құрбымның да осы жолды тандады. Өзіне бөлек үй алып берген, барлық жағдайын жасаған, оқу ақысын да төлеген. Бірақ күйеуі өзгере бастады. Үйінен шығармай, қызғанды. Бір жаққа баратын болса қасына күзетші қосып жіберді. Ішіп келіп, қол жұмсап, балағат сөз де айтатын болды. Анығында тоқалдың бәрінің жолы болды деу қиын.
Бір досым қызымен 5 жыл жүрді. Жақсы жерде жұмыс істеді, тұрмысы да әжептуәр. Бір күні ол белгісіз себептермен жұмыстан шығып қалды. Қызы «мейрамханаға қыдыруды, саяхатқа шығып демалуды қойдық» деп ұрыса беретінді шығарды. Ақыры «менің жағдайымды жасайтын адамды таптым» деді. Кейіннен өзге қалаға кетіп тынды. Әлеуметтік желі арқылы өзі армандаған саяхатына да жиі барып тұратынын көрдік. Ол да отбасылы азаматтың тоқалы болып шықты. Дегенмен қызықтың да шыжығы болады. Ақыры нәрестесін құшақтап жалғыз өзі қалды.
Тоқал мәселесі жиі қозғалады. Тіпті ол туралы жазбаған адам қалмаған шығар. Дегенмен жанға бататыны, өрімдей қыздардың ақша үшін болашағына балта шабуы қынжылтады. «Жағдайымды жасап аламын, ақшам, үйім, көлігім бар, нені қалаймын сол болады» деген ой ата-ананы да ұятқа қалдыруда. Жастардың жеңіл жолды құп көруі жақсылық емес.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА
07 мамыр 2019 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930