» » ҚАСҚЫРЛАР "ҚАЙРАТТЫ" ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

ҚАСҚЫРЛАР "ҚАЙРАТТЫ" ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

Футболдан премьер-лиганың 8 турында қасқырлар азулы "Қайратты" қабылдады. 8 турдың орталық матчы болған ойында "Қайсар" 2-1 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы 20 минутында қонақтар сауатты ойнап, қауіпті шабуылды жиі ұйымдастырды. Тіпті гол салып, қонақтар басымдыққа ие болды. 20 минутта Георгий Жуковтың асырған добына Мартон Эппель бірінші жетіп, бос қақпаға допты бағыттай салды. Есеп 0-1! Бұл есеп ойынның бірінші бөлігі аяқталғанша сақталды. Үзілісте Стойчо бапкер құрамға өзгертулер енгізді. Думан Нәрзілдаевтың орнына тәжірибелі Марат Хайруллинды ойынға қосты. Алаңға тыңнан қосылған Марат командаға жаңа леп әкелгендей көрінді. "Қайсар" ойыншылары есепті теңестірудің амалын қарастырды. Кездесдуің 52 минутында қорғаушы Александр Морочкин қауіпті шабуылдардың бірінде есепті теңестіріп, өз үйіміздегі алғашқы голды соқты. Сашаның голынан кейін стадиондағы атмосфера 180 градусқа өзгеріп, алаң иелеріне ерекше қолдау көрсетілді. Ойынның 52 минутында Асхат Тағыбергеннің қақпаға бағыттаған жойқын соққысын Стас Покатилов қайтаруға батылы жетпей, допты қақпаның жібек торынан шығаруға мәжбүр болды. Есеп 2-1!
Енді дала қасқырлары премьер-лиганың 9 турында "Ақтөбеге" қонаққа барады. Белорисиялық маман Александр Седневтан тәлім алатын команда 8 ойынның қорытындысымен 2 рет жеңіске жетіп, турнирлік кестеде 12 орында келеді. Құрамда 21 футболшы бар. Естеріңізге сала кетейік, біріншілік басталмастан "Ақтөбеден" 12 ұпай алынып тасталды.

Премьер лига

ОрынКомандаОйынҰТЖДопҰпай
1.«АСТАНА» (Астана) 981019-525
2.«ТОБЫЛ» (Қостанай)852114-617
3.«ҚАЙРАТ» (Алматы)951314-916
4.«ЖЕТІСУ» (Талдықорған)842212-414
5.«ҚАЙСАР» (Қызылорда)84226-414
6.«ОРДАБАСЫ» (Шымкент)83417-313
7.«ШАХТЁР» (Карағанды)831410-810
8.«ОҚЖЕТПЕС» (Көкшетау)831413-1610
9.«ЕРТІС» (Павлодар)82065-146
10.«ТАРАЗ» (Тараз)820610-206
11.«АТЫРАУ» (Атырау)101274-175
12.«АҚТӨБЕ» (Ақтөбе)82068-17-6*
* «АКТӨБЕ» ФК 12 ұпай алынды



09 мамыр 2019 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031