» » Жазира Байырбекова қыз ұзатқан әнші жігіттерді жақтап шықты

Жазира Байырбекова қыз ұзатқан әнші жігіттерді жақтап шықты

  Жазира Байырбекова соңғы уақытта қыз ұзатуға көшкен әнші жігіттердің сөзін сөйледі. Әншінің оң пікірін бас-аяғы 45 қызды құтты орнына қондырып үлгерген Айдар Тұрғанбек өзініңInstagram парақшасына салып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатуына қатысты пікірін "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтқан.
"Негізінде бұрындары жігіттер қарындасына ән айтып, ұзатқан ғой. Қолынан ұстамаса да, сахнада тұрып ән айтқан. "Аршыған жұмыртқадай, әппақ болған. Өзіңдей қарындасты қайдан табам?" деген әнмен қанша қыз ұзатылды. Оны әйелдер айтқан жоқ, жігіттер айтты. "Қызым, қызым қанатым. Қимай қалды-ау анашым" деген ән бар ғой. Оны да жігіттер әкесінің орнына айтты. Айдардың қыз ұзатқаны тіпті керемет деп айтар едім", - деді Жазира Байырбекова.
Ал "Жігіттер" тобының әншісі Жазира Байырбекованың пікіріне риза екенін білдіріп, желіде жазба қалдырды.
"Алғаш қарындастарымды ағалық өсиетпен ұзатқанда, Жазира әпкем керемет шабыт берген еді. Өзгеге жақсылық ойлап тұратын, жүрегі кең адам ғой. Алла разы болсын, сізге. Қазір міне осы "Қарындасқа тілек" әнін ұзатылатын қыздардың бәрі жақсы көріп қалып, келіп орындап беруімді сұрап жатыр. Аллаға шүкір", - деп жазды Айдар Тұрғанбек.
Естеріңізге сала кетейік, Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқаны желіге жарияланғалы, әнші 45 қызды ұзатып үлгерген.
07 мамыр 2019 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930