» » Байзақова ұлына берілетін жәрдемақыны әлі күнге дейін пайдаланбаған

Байзақова ұлына берілетін жәрдемақыны әлі күнге дейін пайдаланбаған

  Айжан Байзақова ұлына бір реттік берілетін жәрдемақы мен ай сайын төленетін 16 мың теңгені әлі күнге жұмсамағанын ашып айтты. Кішкентай баласының бір реттік жаялығының өзіне 18 мың теңге жұмсайтын жас ана көпшіліктен кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазір шотына түскен жәрдемақының жиналып, жарты жылда 160 мыңға жеткенін Байзақова Instagram парақшасында айтып берді.
"Сіздер қанша табыс табасыздар және оны қалай жұмсайсыздар? Мен ұлым туғаннан бері шотыма түскен жәрдемақыны жұмсап көрмеппін. Жарты жыл көлемінде 160 мың теңге жиналды. Ай сайын маған 16 мың теңге жәрдемақы түседі. Ал ұлым туғанда бір реттік жәрдемақы 95 мың теңге алдым.Бір жағынан қарасам, бәрі дұрыс секілді. Екінші жағынан қарап, жәрдемақыдан бас тарта салғаным дұрыс еді деп ойладым. Түкке жетпейді. Әрине үнемдеуге болады. Алайда ұлымның 10 күндік жаялығының өзіне 18 мың теңгедей кетеді. Ал тамағы мен бір реттік жаялықтарын қоссаң, айына 50 мың теңгедей жұмсалады. Бұл қаражат киім пен бөтелкелерін, арбасы мен майда-шүйдесін есептемегенде жұмсалатын ақша", - деген Байзақова бірнеше баласы бар аналардан кеңес сұрады."Бір баладан артық бала табатын әйелдер сіздер қанша табыс табасыздар? Балаңызға да, өзіңізге де қажеттіліктерді алу үшін қаражат жетеді ме? Оның үстіне үйге, оқуға қаражат жинау керек. Өте қызық. Менің оқырмандарымның арасында жәрдемақы қажеттілігіне жететін адамдар бар ма екен?Шағым айтудың керегі жоқ. Тек қана қиындықтан қалай жол тауып шығатыныңызбен бөлісіңіз. Тіпті 200 мыңнан артық тапсаңыз да, шетелде демалуға мүмкіндігіңіз бар ма?", - деп жазды Айжан Байзақова.
Сондай-ақ жас ана жазбасына ең үздік пікір білдірген оқырманына 16 мың теңге сыйлық беретінін де жеткізді.
Ал желі қолданушылары өздерінің жердәмақымен қалай күн көретіндерін жарыса жазып, ана болудың қиыншылықтарымен бөліскен.
07 мамыр 2019 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930