» » ASTANA MUSICAL СІЗДЕРДІ АСЫҒА КҮТЕДІ

ASTANA MUSICAL СІЗДЕРДІ АСЫҒА КҮТЕДІ

Мюзикл – ән, би, акробатика, театр, сценография сынды сан түрлі шығармашылықтың басын біріктірген өнер. Осы жанрда елімізде алғаш болып құрылған «Astana Musical» мемлекеттік театры  Жастар жылы аясында Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келді. Шығармашылық құрамы толықтай жастардан құралған театр осы аптада қала тұрғындарына «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін (Ғ.Мүсірепов), «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын (М.Мақатаев)  және «Шәмші» мюзиклін (М. Омарова) ұсынатын болады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында театр ұжымы мәлімдеді.

Құрылғанына үш жыл толған театрдың репертуарында онға жуық қойылым бар. Осы кезге дейін Берлин, Париж, Вена, Брюссель, Ресей мемлекетіне гастрольдік сапармен өнер көрсеткен театр биыл Қызылорда қаласымен қатар Орал, Ақтөбе қаласында өнер көрсетеді.
− Сыр өңіріндегі гастролімізді «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклімен ашатын боламыз, сондай-ақ осы аптада Алматы қаласында дайындалған «Шәмші» қойылымының премьерасы өтеді. Жалпы театрымызда елуге жуық артист бар, Сыр еліне соның қырықтан астамы келді. Осыған дейін еліміздің Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында болған театр қала тұрғындарын асыға күтеді, − деді театр әкімшісі Жұмажан Амандықұлы.    
Ал «Қыз Жібек»  этно-фольклорлық мюзиклінде Төлеген рөлін сомдайтын Оразалы Игілік қойылымның жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.
       − Театрдың құрылғанына екі жыл толған уақытта еуротур басталды, ең алғаш рет «Қыз Жібек» мюзиклінің премьерасы Парижде қойылып, көптің ықыласына бөленді. Жалпы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында жеті рет сахналанған  «Notre Damme de Paris», «Ромео мен Джульетта» қойылымдары бізге үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Өзім сомдайтын рөлдердің ішінде Төлегеннің болмысын тануға көбірек уақыт жұмсадым, себебі Құман Тастанбеков абыроймен сомдаған рөлді сахнаға шығарғанда елдің сын көзбен қарайтынын білдім, − дейді ол.
           10 мамыр күні Шәмші мюзиклінде басты рөлді бейнелейтін Әділет Әбдіқадыров театрдың бірқатар жетістігіне тоқталды.
       − Мюзиклде Шәмшінің үш түрлі бейнесін көрсеттік. Айталық, ғашық Шәмшіні Саламат Мұқашов, композитор Шәмшіні Сұлтан Кеңшілік ойнаса, күрескер Шәмшінің болмысын ашу менің еншіме бұйырды. Қойылымға дайындық екі айға созылды. Жалпы  «Astana Musical» мемлекеттік театры Орта Азия елдері арасынан тұңғыш рет Франциядағы Авиньон фестивальіне қатысты. Әлемнің әр түкпірінен жиналған театрлар арасында біз «Қыз Жібек» мюзиклін сахналадық, −дейді Әділет.
         Мюзикл − әлі де болса қазақ үшін бейтаныс өнер. Театр ұжымы халықтың қойылымды ерекше ықыласпен көретінін айтып, Сыр жұртшылығына да жаңа өнер үлгісін үлкен дайындықпен көрсететініне сенім білдірді.
Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ
13 мамыр 2019 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031