» » ЖАС КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАС КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

  Қазалы ауданында  «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 18 бен 29 жастағы жас келіндер сайысы өтті. Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келінін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  ауылдық округтерден және аудан орталығынан 9 келін қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстыры, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен әзірлеген асы қазылар алқасына ұсынып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Арықбалық ауылының жас келіні Гүлсанат Оңдашова жеңіп алса, ІІ орынға қос келін  Назкен Мұсаева мен Мөлдір Жұбантаева лайық деп танылды. Үздік үштікті Ақнұр Шәлтікова мен  Әйгерім Жәббезбайқызы түйіндеді. Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында қазылар алқасын ақ жаулықты әжелер құрады. Бәсеке соңында үздік деп танылған келіндер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға сый-сияпаттар табыс етілді.
13 мамыр 2019 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930