» » Серпінді Сырдария жастары

Серпінді Сырдария жастары

Қазіргі таңда жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Оның бір дәлелі Елбасы Н.Ә.Назарбаев "2019 жыл – Жастар жылы "деп жариялауы. Осы мақсатта жастар жылын атап өту мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленіп біршама жұмыс атқарылуда.
Сырдария ауданында жыл басынан бері жастармен 82 шара өткізіліп, 1015 жас қамтылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды жастардың еншісіне беруіне байланысты Сырдария ауданында "Болашаққа – үміт, жастарға – сенім" атты жастар жылының ашылуы салтанатты түрде өтті. Жиынға ауданның ардагерлері, белсенді жастары, жастар ұйымның өкілдері, жас кәсіпкерлер, спортшылар, ұстаздар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудан депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған іс шара барысында Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаев өзі қатысып, аудан жастарын Жастар жылымен құттықтады. Сонымен қатар ашылу салтанаты барысында жастарға үлкен серпін беретін жұмыстарды қолға алуды тиісті сала басшылары мен әкімдіктерге тапсырды. Қазіргі күні бұл жұмыстар кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі кәсібін ашуға ниетті жастарды қолдау мақсатында "Тереңөзек жастары" қоғамдық қорын құру. Қордың мақсаты – жастардың кәсібін ашуға несие алу барысында көп қиындық тудыратын кепіл мәселесінде таптырмас көмек болмақ. Қазіргі күні қоғамдық қоры құрылып, мұнай компанияларынан қор есеп шотына қаржы құйылды. Аталған қаржы кәсібін ашуға ниетті жастар үшін жұмсалатын болады. Жастар жылы аясында мектеп оқушыларымен "Ұшқыр ой мен шешен тіл" тақырыбында интеллектуалдық сайыс, орталық кітапхананың coworking орталығында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы" тақырыбында ұстаздармен семинар сабақ өтті. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында барлық ауылдарда coworking орталықтары ашылды. Жастарды мәдени тұрғыда дамыту мақсатында "Сырдария серісі" ерлер сайысы, жасөспірімдер арасында заманауи би түрлерінен сайыстар өткізілді. Сырдария ауданында атқарылған жұмыстар жеткілікті және бұл жұмысттар еш тоқтап қалмақ емес.
Ғ.Оралов,
Сырдария аудандық жастар ресурстық
орталығының директоры
13 мамыр 2019 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930