FAKE NEWS

Ағылшынның бұл сөзін қазақшаға аудармаса да болады. Жалған ақпарат деп аталатын бұл баламаға бүгінде барлығымыз тәуелдіміз. Алғаш рет жалған ақпараттың табысын жүргізіп, халыққа кеңінен танытқан оқиға президенттік сайлау болды Әрине, біздегі емес. Сонау АҚШ-тағы 2016 жылғы сайлау.
Ғалымдар бүгінге дейін жалған ақпараттың адам санасына тигізетін әсерін саралап келеді. Сол 2016 жылдан бастап Америкада бірнеше сауалнамалар жүргізілді. Жалған ақпарат адам санасын өзгерте алады деп  халықтың 64%-ы жауап берген. Ал бұндай ақпараттарға біз сене қоймаймыз дегендердің көлемі 84%-ды  құрады. Бұл сауалнаманың сәтсіз болғаны бірден көрінеді. Басқаша амал қолданған жөн. Осылайша 2018 жылы YouGov компаниясы жүргізген зерттеуінде халықтың 40 %-ы алдымен жалған ақпаратқа сеніп, артынша теледидардағы жаңалықтардан анық-қанығын білетінін жасырмаған. Ендеше газет оқып, теледидар көрмейтіндер жаңалықты қайдан алады? Әлеуметтік желі деп аталатын түрлі қосымшалардың беделдісі – Facebook компаниясы. Бұл қосымшаны қолданатын 3500 адамның арасында да аталған зерттеулер жүргізілген. Өте керемет тақырып қойылған жалған ақпаратты қанша адам өзінің парақшасында көрсетеді? Яғни репост деген нәрсе. Бөліскендердің тізімінде 40 пен 65 жастағы қолданушылар болды. Ал жастар қайда? Олар бұнда нәрселерге бас қатырмайтын көрінеді. Көбіне өзінін суретін немесе жаңа әндерді жүктеп жүреді екен. Барлығы емес. Жалған ақпаратқа сенетін жасөспірім бар-жоғы 3% болған. Алайда артынша өте қуанарлық тізімнің қорытындысы шықты. Facebook қолданушыларының (18-34 жас) 40%-ы желіден көрген жаңалықтарын ресми ақпарат көздерінен тексереді екен.

Ғаламтордан оқылатын жаңалықтар адамға сәл жоғары әсер ететіні жасырын емес. Демек, олар жаңалыққа беріліп, сәл алаңдайды. Ал теледидарды құп көретін көрермендер сәл сабырлы болып келеді.
Сонда президенттік сайлауға көмек қылған Fakenews ел басқару ісіне кімдерді тарта алды? Өзіміз білетіндей, бұл сайлауда Клинтон мен Трамптың арасында бәсекелестік болды. Ал мамандардың ойы бойынша Клинтонның тарапына біраз жалған ақпарат жіберілген. Трамптың бейнесіне көбінесе позитивті жаңалықтар тартылған. Әлгі Симпсонмультигіндегі әзіл жаңалықтар немесе оның керемет кәсібі жайлы жаңалықтар халықтың санасына сәл өзгеріс алып келді. Бұл жаңалықтарды оқыған 89% адам Трампқа дауыс берген болып шықты. Сонда АҚШ жалған ақпараттың құрбаны ма?
Роза ҚАЛДЫБАЕВА
11 сынып оқушысы
13 мамыр 2019 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930