» » КӨШЕ МӘДЕНИЕТІ

КӨШЕ МӘДЕНИЕТІ

  Қай кезде болсын көше біз үшін үйден кем емес. Кейде үйге қарағанда көшеде көп жүреміз. Көшедегі барлық оқиға, барлық жағдай адамды елең еткізбей қоймайды.  Бай мен кедей де, күшті мен әлсіз де, ер мен әйел де көшеде анық көрінеді.
Біздің елде барлығы сәл өзгеше. Мәселен, араб елдерінде ер мен әйелге арнайы жағдайлар жасалады. Түпкі мақсаты әйел мен ердің құқығын сақтау және өз орнында ұстау. Ал біздің қоғамда жас қыздың көшеде үлкен кісіні балағаттап жатуы таңсық емес. Тіпті жиі кездесетін көріністердің бірі. Бұл тәрбие қалай пайда болды? Кішкентай бала алғаш мектепке барады. Шынын айтқанда, мектеп ең басында ешкімге жаға қоймайды. Ешкімнің ерте тұрғысы келмейді. Одан қалса мұғалимадан ұрыс есту де оңай емес. Сабақтан шыққан бала көп уақытын достарымен өткізеді. Менің ойымша, олар көшеде ғылыми тәжірибе жасап, мәнерлеп өлең оқымайды. Барынша дөрекілікті, ұятсыздықты бойына сіңіреді. Бұл жердегі басты себеп оның достары. Сондықтан балаңыздың дұрыс ортамен тіл табысуын қадағалаңыз.Сонымен қатар бала әкесіне еліктеу қажет. Өзінің адам болып қалыптасу жолында әкесінің істері оны таңқалдыру қажет. Сәйкесінше асқар таудай әкесіне тартқан бала жерде қалмайды. Алайда бес саусақ бірдей емес. Кей отбасыларда ұрыс-керіс, дау-дамай әдетке айналған. Енді басқалары күнделікті ішімдік тұтынғанды жөн көреді. Мұны көрген бала психологиялық соққы алады. Біздің қазақ менталитеті мұны мойындамайды. Дегенмен адам психологиясының дамуы өте маңызды рөл атқарады.
Қаланы көркейтуге тырысып-ақ жатыр. Кешқұрым серуенге шығып қайтсаңыз, жиналып тұрған бір топ балаларды жиі көзіңіз шалады. Олар әдетте оңды-солды түкіріп, шемішке шағып, сағыз шайнап, өткен кеткенге тиісіп отырады. Яғни ол адамдарда дамудың ешқандай белгісі көрінбейді. Тіпті қыздар да қалысар емес. Соңғы кезде әлеуметтік желіде шаш жұлысқан қыздарды жиі көретін болдық. Бұл немене? Ұлт күйреуі ме?  Менің ойымша, кей студенттер көше мәдениетін университеткеде алып келеді. Бірақ барлығы керісінше болуы тиіс. Оқу орнына кірер алдында ол барлық әдетін далаға тастау қажет. Бұл – толыққанды зиялылар мекені. Таптаурынды бұзып, биікке неге ұмтылмасқа?
Дамир АМАНГЕЛДІ
15 мамыр 2019 ж. 30 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031