» » Клипіне түскен мектеп оқушысы жайлы сөз қозғаған Нұрболат Абдуллин желіні шулатты

Клипіне түскен мектеп оқушысы жайлы сөз қозғаған Нұрболат Абдуллин желіні шулатты

Нұрболат Абдуллин жаңа бейнебаянына Ернар Айдардың клипіне түскен оқушы қызды түсірген болатын. Әнші "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында жас қыздың сырт келбеті жайлы сөз қозғап, желідегілерге жақпай қалды деп жазады сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Осыдан біраз уақыт бұрын клипіне "мықырайған" қыздарды түсірмейтінін айтқан әнші бұл аруды бейнебаянына режиссердің өзі таңдағанын айтады.

"Кейде қатты әдемі қыздар камерадан көрінбей қалады. Кейде камера басқа түр-келбетті, пошымды қажет етіп тұрады. Ол қыз қатты әдемі деп айта алмаймын. Сүйкімді, өзінің тартымы бар. Режиссер өзі таңдап, тауып алды. Ал камераға келгенде басқаша... Әдемі көрінеді. Бір жағынан қазақтың қызы."Клип қыздың өзінің ойлауы, елестетуі бойынша көрінеді. Енді қыз маған құлайды ғой. Сынып қалады. Оны режиссер айтып жүр. Кейде ойлағаның болады, кейде болмайды. Ойлағанымызды бейнебаянда болдыртып жатырмыз. Өмірде біз білмейміз ғой, кімнің сынып, кімнің сүйіп жатқанын", - деді Нұрболат Абдуллин.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл сөзін ұнатпай қалған.
"Нұрболат клипіне бойы қысқа қыздарды түсірмейтін болып жатыр еді", "Несі бар? Әп-әдемі қыз", "Бейнебаяндағы қыз келбетті", "Нұрболат қайта саған шаш стиліңді өзгерту керек" деп пікір қалдырды желідегілер.
Айта кетейік, тараздық Әлия Бауыржан Ернар Айдардың "Жарығым-ай" бейнебаянына түскені үшін 100 доллар гонарар алғанын жасырмаған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Абдуллин клипіне бойы қысқа, "мықырайған" қыздарды түсірмейтінін айтып, жұртқа жақпай қалған болатын.
15 мамыр 2019 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031