» » Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

  Әнші Меруерт Түсіпбаева мәңгілік махаббат жоқ деген пікірде.
 "Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді", дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.
Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.
"Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Ал олар қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе – сол махаббат. Ал бір-бірін тауып қосылса, өмірлері әдемі болады дейсіз бе? Жоқ, махаббат бес жыл ғана. Одан соң ырду-дырду, қырылыс, алыс-жұлыс, неше түрлі жағдайлар басталады отбасында", - дейді ол.Сөз соңында Меруерт ханым өзіне бір жігіттің ғашық боп жүргенін де жасырмады.
"Ол маған ғашық. Маған онысы ұнайды. Ал әйел адам өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық", - деп жұмбақтап сөйледі Меруерт ханым.
19 мамыр 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031