» » «Шығармашыл жастар орталығы» қызметі ұйымдастырылуда

«Шығармашыл жастар орталығы» қызметі ұйымдастырылуда

  Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі»  Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «Шығармашыл жастар орталығы» қызметі ұйымдастырылуда.
Орталық жанында бүгінде 3 үйірме жұмысы ұйымдастырылып жолға қойылды.
  •  «Я- гитарист» үйірмесі. Көп сұранысқа ие гитара үйрететін орталықтар қала бойынша тым аз және жастар үшін қол жетімсіз. Осы себепті жастар арасында арнайы сауалнама жүргізіп. үйірмелердің бірі ретінде таңдадық. Шығармашылық саласына бейім жастарды тарта отырып, оқыту курстарын ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Алдағы уақытта жыл бойы үйірме жанынан 30 ға жуық жасты оқытып, үйретуді мақсат етіп отырмыз.
  •  «Robotics»  үйірмесі. Заманнның қарқынды дамуы салдарынан қазіргі уақытта ақпарат пен технологиялар тұрақсыз дамуда. Осы ретте, мектеп оқушылары үшін қосымша робототехника саласына оқыту жүргізілуде. Алайда,  ЖОО және АОО білім алушы жастар үшін компьютерлік білімнен де бөлек қосымша IT саласын меңгеру, бағдарламалауды үйретудің мүмкіндіктері аз  екендігін анықтай отырып, орталық жанынан аталған үйірме қызметін ұйымдастыруды қолға алудамыз. Үйірме жетекшісі «KazRobotiks» федерациясының Қызылорда облысы бойынша өкілі Ералиев Серікбол жүргізуде.  Жыл соңына дейін 30 жасты толық оқытып шығу жоспарлануда.
  •  «Parkour» үйірмесі. Субмәдениет өкілдері  Астана, Алматы, Шымкент секілді қалаларға қарағанда  аймағымызда әлде қайда тұралап қалған сала болып тұр. Осы себепті жастар арасында бос уақытты тиімді әрі пайдалы қолдану және салауатты өмір салтын дамыту мақсатында аталған үйірме жұмысын ұйымдастыру  жастар үшін тиімді деп табылды. Үйірме жетекшісі «Aktau open fest – 2016 » жеңімпазы Дәрменов Өтеген.
Сонымен қатар, жоба аясында облыс көлемінде әртүрлі шаралар ұйымдастыру және шығармашылықты арттыру бағытында сайыстар, турнирлер ұйымдастырылуда.  Жыл көлеміндегі шаралар аясында өткізілетін «Qyzylorda ZHASTARY - 2019»  шарасы ең ірі көлемді шаралардың бірі болмақ.
17 сәуір 2019 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031