» » Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

  Бүгінде тірлік етіп, нәпақамды табам деген адамға барлық жағдай жасалған, тек ебін тапса болғаны. Оның үстіне былтырдан бастап біздің өңірде кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Қазіргі таңда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» кәсіп бастаймын деген адамдарға 5-6 пайыздық мөлшерде несие беріп, тұтынушыға қолайлы жағдай жасап, қайтарымсыз гранттардың да мүмкіндігін қарастырып қойған. Міне, осындай мүмкіндікті қалт жібермей, өз пайдасына жаратқан жанның бірі – Асылхан Абылайұлы.
Ол – Қалаға қарасты Махамбетов ауылының тұрғыны. Біраз уақыттан бері кәсіп ашуды армандағанмен, қаржылық ахуал адымын аштырмаған. Бірақ алған бетінен қайтпайтын жігіт "Бастау" жобасына қатысып, небәрі бірнеше айда бизнестің қыр-сырын меңгеріп алады. Осыдан кейін жастайынан мал шаруашылығынан хабары бар Асылхан кәсібін осы саламен байланыстыруды жөн санайды. Жалпы оның үй іші мал шаруашылығына ертеректе ден қойған. Ағалары жылқы өсірсе, Асылхан да отбасылық кәсіпті жалғастырып, ірі қараның басын көбейтуді қолға алған. Ол ең алдымен облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес алып, «Бастау» жобасын оқиды, бизнес-жоспарын жасайды. Жоспары мақұлданғаннан кейін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алады.
– Бала күнімнен кәсіпкер болсам деп армандаушы едім. Сол ойыма биыл ғана қол жеткіздім. Көрген түйгені мол аға-апалардың демеуімен «Бастау» жобасына кедергісіз қатысып, кәсіпкерлік саласындағы біліктілігімді жетілдірдім. Оқуды бітіріп, жобамды да сәтті қорғап шықтым. Жобама алған 3 млн.теңгеге бұзаулы сиыр алып, көбейтудеміз. Сүтін ауылдағы азық-түлік дүкеніне өткізіп отырмыз. Аяқ алысымыз жаман емес. Азын-аулақ пайда түсіп жатыр. Алдағы уақытта осы кәсібімді одан әрі дөңгелетіп, ағарған және ет өнімдерімен қамтамасыз ететін үлкен қожалық ашсам деген ойдамын, – дейді кәсіпкер А.Абылайұлы.
Ол несиеге алған қаражатына 10 бас мүйізді ірі қара сатып алып, жайлауда бағуда. Ағалары да мал шаруашылығымен айналысатындықтан малды кезектесіп бағады, үйде тек сауын сиырларды ғана ұстайды. Жас кәсіпкердің ендігі жоспары – мал басын көбейтіп, шаруашылығын өркендету.
Айта кету керек, өткен жылы «Бастау» жобасы бойынша Қызылорда облысынан 1600 азамат кәсіпкерлік саласын оқыды, жалпы құны 799,4 млн.теңгені құрайтын 424 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Биыл 623 азамат оқуда, оның ішінде 285-і – жастар.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
24 мамыр 2019 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031