» » ҚПЛ ТАРТЫСЫ ҚЫЗА ТҮСУДЕ

ҚПЛ ТАРТЫСЫ ҚЫЗА ТҮСУДЕ

  Футболдан Қазақстан  Премьер-лигасының 11 туры артта қалды. Бұл турда ел күтпеген нәтижелер тіркеліп, сенсациялық сәттер орын алды.
 
"Оқжетпес" – "Қайсар" 1-2
11 турда қасқырлар "Оқжетпеске" қонаққа барды. Төреші Рахымбаевтың нұсқауынан кейін басталған матчта қонақтар бірден шабуылға ден қойып, алаңда бірінші нөмірмен өнер көрсетті. Кездесудің 10 минутында Тигран Барсегян әдеттегідей жойқын соққысымен көзге түсіп, есепті ашты. Тигранның соққысына төтеп бере алмаған қақпашы Бабаханов ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Бұл сәттен кейін, алаң иелері ес жиып, қонақтардың айып алаңына ойқастай бастады. Қорғанысқа жастана жатып алған қасқырлар 37 минутта қақпасына гол енгізіп алды. Арғымақтардың бразилиялық легионері Данило Алвес әуедегі допқа бірінші жетіп, есепті теңестіріп кетті. Кездесудің екінші бөлігінде Стойчо бапкер алаңға тыңнан ойыншылар қосып, шәкірттерінің шабуылдарын ширата түсті. Жарақатынан енді айыққан Джон Джошуа аздаған үзілістен кейін алаңға шығып 74 минутта командасын алға шығарды. Ойын соңында "Қайсарда" бірнеше гол соғатын сәттер болғанымен көп жерде сәттілік серік болмады. Қорытынды есеп 1-2!
"Тобыл" – "Атырау" 3-0
Өткен турда сырт алаңда «Қайсардан» оңбай ұтылған «Тобыл» 11 турда ес жинады. Мұнайлы өңірдің командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңді.
Бірінші голды тайм түгесілер тұста шабуылшы Максим Федин салды. Екінші доп үзілістен соң 53 минутта соғылды. Гол авторы Артурас Жулпа. Ал үшінші голды ойын аяқталар тұста жартылай қорғаушы Руслан Валиуллин соқты.
"Астана" – " Шахтёр" 1-2
«Астана» мен «Шахтёр» арасындағы матч күтпеген жерден чемпиондардың жеңілісімен аяқталды. Негізі матч алаң иелері үшін жақсы басталған. «Астана» футболшылары 34 минутта Роман Муртазаевтің соққысынан соң есеп ашқан. Бірінші тайм осы есеппен де бітті.
Алайда, үзілісте бапкер нұсқаулығынан соң ес жинаған кеншілер сауатты қимылдай бастады. 78 минутта ойынға тыңнан қосылған жас ойыншы Жанəли Пайрузге қарсы Марин Томасов айып алаңында ойын ережесін бұзды. Нүктеге келген Марат Шахметов бұрынғы командасына гол соқты. Осыдан соң қарымта шабуылға иек артқан «Шахтёр» 87 минутта жеңісті жұлып алды. Гол авторы – Сергей Зенев.
"Қайрат" – "Ертіс" 2-1
Алдыңғы сəтсіздіктерден соң өз жанкүйерлерін қуанту үшін «Қайрат» ойын басынан белсенді қимылдады. Көп ұзамай "Қайраттың" қимылы нəтиже беріп, 4 минутта Адеринсола Эсеола оң қапталдан басталған шабуылды голмен аяқтады. Артынша, Георгий Жуковта есепті еселейтін жақсы мүмкіндік болған. Алайда, тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. «Ертіс» ойыншылары да қарап қалмай бірнеше шабуылмен есте қалды. 34 минутта француз Жереми Монзороның оң қапталдан əуелете орындаған айып соққысын Рохер Каньяс голға айналдырды. Осыдан соң ойын қарқыны саябырсығандай болған-ды. Дегенмен 40 минутта «Қайраттың» кезекті шабуылының бірінде Адеринсола Эсеола əуелеп келген допты баспен алыс бұрышқа бағыттап есепті 2:1-ге жеткізді.
Орын
Команда
Ойын
Ж
Т
Ж
Доп
Ұпай
«АСТАНА» (Астана)
13
9
1
3
24-10
28
«ҚАЙСАР» (Қызылорда)
11
7
2
2
16-7
23
«ТОБЫЛ» (Қостанай)
11
7
2
2
19-11
23
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент)
11
5
5
1
13-4
20
«ҚАЙРАТ» (Алматы)
12
6
1
5
17-13
19
«ЖЕТІСУ» (Талдықорған)
11
5
3
3
14-7
18
«ШАХТЁР» (Карағанды)
11
5
2
4
16-11
17
«ОҚЖЕТПЕС» өкшетау)
11
4
2
5
18-20
14
«ТАРАЗ» (Тараз)
11
3
0
8
12-24
9
«ЕРТІС» (Павлодар)
12
3
0
9
7-22
9
«АТЫРАУ» (Атырау)
13
2
3
8
7-22
9
«АҚТӨБЕ» қтөбе)
11
2
1
8
10-22
-5*
25 мамыр 2019 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ
20 шілде 2019 ж. 68
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031