» » Отандық жұлдыздар соққыға жығылған Сәуле Әбединоваға қолдау білдірді

Отандық жұлдыздар соққыға жығылған Сәуле Әбединоваға қолдау білдірді

  Күні кеше полиция бөлімшесінің алдында соққыға жығылып, миы шайқалған Сәуле Әбединоваға отандық жұлдыздар жарыса қолдау білдіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Белгілі журналистке қолдау білдіргендердің арасында: Бағлан Әбдірайымов, Гауһар Әлімбекова, Роза Әлқожа, Дана Нұржігіт бар.
Елімізге танымал тұлғалардың барлығы өздерінің жеке парақшасында тележүргізушіні жақтап, жазба қалдырған.
"Кешегі Сәуле Әбединова апаймыздың басына түскен сынақ жаныма батып отыр. Аналар үшін шырылдап жүріп, он әйелден соққы алыпты. Қазір ауруханада деп естідім. Естеріңізде болса, Тұңғышбай ағамыз істі болғанда ақ - қарасын ажыратып, сұхбат алып еді. Сол сұхбаттан әсерленіп, ағаның жанынан табылып, қолдау көрсеткенмін.Енді, міне өз басына сынақ келіпті. Алла жәрдемші болсын! Сіздің алаяқ атанып, арамза әдетіңіз жоқ екеніне кәміл сенемін. Мықты болыңыз, әпке", - деді Бағлан Әбдірайымов өзінің Instagram парақшасында.
Ал тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесінің Алматыдағы ауруханалардың біріне түсіп қалғанын жазды.
"Сәуле Әбединоваға қарсы жасалған қылмыстық әрекеттен кейін әріптесіміз Алматыдағы 7-ші ауруханада", - деді Дана Нұржігіт Instagram парақшасында.
Гауһар Әлімбекова Әбединоваға қатысты айтылып жатқан сөздердің ешқайсысына сенбейтінін Instagram парақшасында ашып айтты.
"Сәуле Әбединова құрбымызға жасалған бүгінгі қастандықты, жабылған жаланы естіп, жағамды ұстадым. Неткен жиіркенішті әрекет десеңізші! Аналарды өз құқығын талап етуге үндегені үшін, өз пікірін ашып айтып, көзқарасын ашық білдіргені үшін айыпты ма, Сәуле?!", - деді Гауһар Әлімбекова.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Сәуле Әбединованы Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция бөлімшесінің алдында белгісіз әйелдер соққыға жығып кеткен болатын.

06 маусым 2019 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930