» » Рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейтіледі

Рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейтіледі


Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттарды 2 топқа бөлуге болады, олар рецептпен және рецептісіз босатылатын дәрілер. Елімізде дәрілік заттың 7 792 атауы тіркелген, оның 6 033 (Қазақстан Республикасында тіркелген медпрепараттар жалпы санынан 77%) рецептімен босатылатын болса, 1 759-ы рецептісіз. Рецептімен босатылатындар тізіміне микробқа қарсы және гормоналды препараттар, құрамында есірткілік және психотроптық заттары бар дәрілер, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған медпрепараттар, асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуге арналған дәрілер және басқалары кіреді.
Қазіргі таңда рецептімен босатылуы тиіс дәрілердің рецептісіз сатылуы ең өзекті проблемалардың бірі саналады. Дәрілердің қатаң түрде дәрігердің рецептісімен берілуі бұл – жалпы әлемдік тәжірибе.
Мәселен, Германия дәріханаларында дәрілік заттардың 80% ЕО аумағында жазылған рецепт бойынша босатылады. Дәрігер дәрілік заттар рецептісін науқасты толық тексергеннен кейін ғана тағайындайды. Германияда фармацевтті рецептісіз дәрілерді беруге көндіру мүмкін емес. Мұндай жүйе өз бетімен емделу және әсері өте күшті медикаменттерді бақылаусыз қабылдаудың алдын алады.
Осы орайда бүгін Қызылорда облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Дәрілік заттардың рецептуралық босатылуы» тақырыбында семинар өтті. Мақсат – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маңызды мәселелерді, оның ішінде дәрілерді рецептімен босату сұрақтарын талқылау, сонымен қатар фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Семинарға облыстағы медициналық және дәріханалық ұйымдар өкілдері, Қазақстан Республикасының  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті Дурманова Мария Ивановна, сонымен қатар Ресей мен Белоруссия елдеріндегі фармацевтикалық компаниялар өкілі Чуркина Оксана Владимировна арнайы шақырылды.
Семинар барысында а.ж. 5 айында «Допинг» жедел-профилактикалық шаралар аясында атқарылған жұмыс қорытындылары таныстырылды.
Дәрілік заттар айналымын реттеудің заманауи әдістері және «ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс тұжырымдамалары туралы Қазақстан Республикасының  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті М.И.Дурманова баяндады. Семинар қатысушыларын дәрілік заттар босатылымын және фармацевтикалық саладағы кәсіпорын қызметін реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар дәріханаларды тексеру тәртібі, рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейту, бағаларды реттеу жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.
Семинардың күн тәртібінде сондай-ақ ақылы рецептілер жазу, дәрі тағайындаудағы  дәріханалардың дәрілерді сатудағы анықталған заң бұзушылықтары туралы сұрақтар да қозғалды. Бұдан бөлек, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мен оның аймақтық құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ("Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру", "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру", "Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру", "Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру" ), тәртібі түсіндірді.
07 маусым 2019 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031